• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 12:18:37
Алматы
+35°

14 Ақпан, 2018 Аймақтар

Астанада ер адам Technodom-ды дұрыс көрсетілмеген баға үшін соттады

Астана тұрғыны Technodom-да өткен «Түнгі сатылымда» заттарға қате қойылған бағалар үшін 50 мың теңгеге ($150) соттады.

Астана тұрғыны Technodom-да өткен «Түнгі сатылымда» заттарға қате қойылған бағалар үшін 50 мың теңгеге ($150) соттады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

2017 жылдың қыркүйегінде «Technodom Operator» АҚ «Түнгі сатылым» науқанын жасаған болатын. Дәл осы түнде ер адам өзінің қызына Apple IPhone 7 смартфонын алып бермек болған. Оның сайтта көрсетілген бағасы 219 990 ($670 шамасында).

Осы бағаға сәйкес, ер адам смартфонды онлайн сатып алуға тапсырыс беріп, дүкенге келіп алып кетпек болғанда сатушылар бағаның қате жазылғанын және оның сатылмайтынын айтқан. Өйткені ұялы телефонның шынайы бағасы 339 990 теңге ($1040) болған.

Apple IPhone 7 моделін сатып ала алмаған ер адам басқа телефонның басқа моделін сатып алған. Осы оқиғадан кейін ер адам Teсhnodom-ды келтірген моральдық шығыны үшін 1 млн теңгеге ($3 мың) сотқа берген.

Астана қаласының Алматы аймақтық соты жәбірленушінің арызын жартылай қарастырып, «Technodom Operator» АҚ 50 мың теңге моральдық шығынды өтеуге міндеттеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір