• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 03:09:49
+35°

20 Қараша, 2017 Саясат

Астанада ЕО-Қазақстан арасындағы сауда ынтымақтастығы талқыланды

AСТАНА – 20-23 қараша 2017ж. ЕО-ның  мемлекеттік басқару саласындағы жетекші сарапшылары қатысуымен екі TAIEX семинары өтті.

ЕО-ның  мемлекеттік басқару саласындағы жетекші сарапшылары қатысуымен саудадағы техникалық кедергілер мен зияткерлік меншік құқығы мәселеріне арналған екі TAIEX семинары өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараны Еуропалық Комиссия және Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі Қазақстан Республикасының Үкіметімен тығыз байланыста ұйымдастырды, қаржыландыру Әріптестік құралы арқылы жүргізілді. Семинар Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің  сауда және инвестициялар баптарын жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Астана қаласы мен Қазақстанның басқа да өңірлерінен 115-тен астам қатысушылар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Әділет министрлігі, Инвестициялар және даму министрлігі, Қаржы министрлігі, Жоғарғы сот, Кеден және Ұлттық зияткерлік меншік институтының өкілдері іс-шараға қатысты.

"Аталған іс-шара Еуропалық Одақтың Қазақстанға Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім ұсынатын мүмкіндіктерді толық мөлшерде пайдалану үшін көмектесуге дайын екендігін көрсетеді. Біз нақты қадамдарды іске асырудамыз, өзара сауда мен инвестицияларды алдағы уақытта күшейту мақсатында ЕО мүше-мемлекеттердің жетекеші сарапшыларын мемлекеттік басқару саласындағы Қазақстандық әріптестерімен үздік тәжірибе бөлісуге шақырдық," - Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің Басшысы, Елші Траян Христеа мырза атап өтті.

Семинар қатысушылары Қазақстан - Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) ортасында қолданыла алатын элементтерді бағалау мақсатымен техникалық реттеу, аккредиттеу, стандарттау, метрология жүйелері, сондай-ақ зияткерлік меншік құқығын қорғау саласындағы ЕО-ның заңңамасы мен үздік тәжірибесі туралы ақпарат алды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір