• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 19:17:48
Алматы
+35°

15 Мамыр, 2018 NEWS

Астанада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Жәрмеңкеге қатысушылар жұмыс берушілермен тікелей байланысып, сұхбаттаса алады.

2018 жылдың 16 мамыры сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін «Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесін өткізеді. Елорданың 100-ден аса жұмыс берушілері өз кезегінде халыққа1000-нан астам бос жұмыс орындарын ұсынады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жәрмеңке «Жастар» сарайында өткізілмек. (Республика даңғылы,34)

Жәрмеңкеге қатысушылар жұмыс берушілермен тікелей байланысып, сұхбаттаса алады. Жұмыс берушілер ұсынған талаптармен танысып, арнайы сауалнама толтырады. Сонымен қатар, жұмыспен қамту орталығының мамандары еңбекпен қамту, жұмысқа орналасу, қайта даярлау, жұмыс іздеу технологиясы, еңбек нарығында өзін-өзі таныстыру, кәсіптік оқыту және қосымша кәсіби білім беру мүмкіндіктері туралы кеңес береді. Жоғары және арнайы оқу орындарының түлектері жастар тәжірибесі бағарламасымен таныса алады. Сәйкесінше орталық қызметкерлері әлеуметтік жұмыс орындарында жұмысқа орналасу мәселесі туралы мол мағлұмат береді.

Ағымдағы жылдың басынан бастап жұмыспен қамту орталығына 7 081 адам өтініш білдірді. Жалпы алғанда 2 652 адам жұмыс іздесе, оның ішінде 1353 тұрақты жұмыскер, белсенді қолдау шаралары - 1437 үміткерді қамтиды. Қосымша ақпарат     алу үшін    мына телефонға хабарласыңыз: 8 (717) 257-86-88

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір