• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:33:10
Алматы
+35°

19 Шілде, 2018 Әлеумет

Астанада баласын балабақшаға сеніп тапсырған ата-аналар бармақ тістеп отыр

Астанадағы балабақшалардың бірінде тәрбиешінің балаларды ұрған видеосы әлеуметтік желіде тарады

Астанадағы балабақшалардың бірінде тәрбиешінің балаларды ұрған видеосы әлеуметтік желіде тарады. Видеоны өз парақшасына салған Аида Жексен есімді Facebook қолданушысы оқиғаның елордадағы «Кәусар» балабақшасында болғанын жазды.

«Балаңызды балабақшаға беріп қойып, алаңсыз ұйықтап жатсыз ба? Мына балалардың да ата-анасы Астанадағы «Кәусар» балабақшасына балаларын тапсырып, өз жұмыстарымен айналысып жүр. Ал балаңыз үйге келіп, өзін ұрып жүргенін айтса ше?..

Сену қиын. Балабақшаның өзі де, басшылығы да жақсы секілді. Алайда ата-аналар балабақшаның ішіндегі жағдайды өз көздерімен көргенде абдырап қалды. Сенер-сенбесін білмейді. Бар бағалысын тәрбиешінің қолына тапсырды. Ал тәрбиеші балаларға қуыршақ секілді қарайды. Бөтен біреу видеоны көргенде айтарлықтай әсер алмауы мүмкін. Жай ғана талқылап өте беретін шығар. Алайда төсекте жатқан балалардың ата-анасы тыныш отыра алмайды. Балақайларының сеніп тапсырылған жерде қорлық көріп жатқандарына көз жұма алмайды», - деп жазды Аида Жексен.

Әйелдің айтуынша, ата-аналар тиісті органдарға арыз жазды. Басшылық жауапкершіліктен тайып тұрмас үшін істі өздері бақылайтын болады.

Сәбилердің бірінің анасы Кәмила Сейітқалиева да өзінің Instagram-дағы парақшасында тәрбиешінің жаңадан келгенін әрі жасы 35-те екенін жазды. 

Балабақшадағы мұндай жағдай алғашқысы емес. Бүгінге дейін түрлі қалалардан балаларды ұрып, не дөрекілік танытып жүрген тәрбиешілердің саны көп. Тек жаза мардымсыз. Мұны қолға алып жатқан арнайы орган да жоқ. Бар болғанның өзінде, тым-тырыс...

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір