• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:49:30
Алматы
+35°

17 Қазан, 2017 NEWS

Астанада Алашорда үкіметінің 100 жылдығына арналған конференция өтеді

Конференцияның жұмысына белгілі алаштанушылар, ғалымдар, қаламгерлер, депутаттар қатысады

27 қазанда елордада «Алаш мұраты және рухани жаңғыру: сабақтастық пен жалғастық» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  елорда әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.

Алаш автономиясы және Алашорда үкіметінің 100 жылдығына орайластырылған шара Астана қаласының әкімдігі, Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтпек. Конференцияның мақсаты: Алаш автономиясының, Алашорда үкіметінің, «Алаш» партиясының идеяларын және елді тәуелсіздік мұратына ұйыстырған Алаш арыстарының мұраларын насихаттау, мемлекет тарихын көпшілікке дәріптеу, патриоттық қоғамды қалыптастыру.

Алқалы жиын барысында 1917 жылғы жалпы қоғамдық-саяси жағдай; Алашорда көсемдерінің қызметі; Алаш Ренессансы және ұлттық рухани жаңғыру тақырыптары бойынша баяндама жасалып, Елбасы алға тартқан «Рухани жаңғыру» идеясы мен Алаштың негізгі ұстанымдары арасындағы  сабақтастық көрсетілетін болады. 

Конференцияның жұмысына  белгілі алаштанушылар, ғалымдар, қаламгерлер, депутаттар, мемлекеттік мекемелердің, саяси партиялардың, музей-кітапханалардың, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар қоғамдық бірлестіктерінің, оқу орындары мен мектептердің және бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілері мен өкілдері, жас ғалымдар мен мамандар, оқытушылар мен студенттер қатысады деп күтілуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір