• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 06:00:23
Алматы
+35°

15 Мамыр, 2018 NEWS

Астанада «АЭФ-2018-ге барамын» республикалық байқауының қорытындысы шықты

Елордада 17 мен 19 мамыр аралығында өтетін XI Астана экономикалық форумын өткізу аясында әлеуметтік медиада «АЭФ-2018-ге барамын» байқауы жарияланған еді

Елордада 17 мен 19 мамыр аралығында өтетін XI Астана экономикалық форумын өткізу аясында әлеуметтік медиада «АЭФ-2018-ге барамын» байқауы жарияланған болатын.  Байқау қорытындысы бойынша қазақстандық әлеуметтік медиа пайдаланушылары жеке аккаунттарында Форумның ресми хештегтерімен АЭФ-ке неліктен барғысы келетіні тақырыбындағы жазбаларын немесе бейнероликтерін жариялады.

Негізгі мақсаты Астана экономикалық форумын қазақстандық жастар арасында насихаттау, жалпы бұқараға күн тәртібіндегі 11 сын-тегеуіріннің және іс-шараны Global Challenges Summit өзгертудің мәнін ашу болған байқау 4 және 15 мамыр аралығында өтті.

Құрамына АЭФ Ұйымдастыру комитетінің өкілі Динара Жолдаспаева, танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы мен белгілі ақын Қалқаман Сарин кірген әділқазылар жүзден астам жұмыстың ішінен ең үздік бесеуін іріктеп алды. Жеңімпаздар 17 және 18 мамыр аралығында АЭФ-ке тегін бару мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар ақтық сынға шыққандардың Астана экономикалық форумының атақты спикерлерінің бірімен фотоға түсуге керемет мүмкіндігі бар.

«АЭФ-2018-ге барамын» байқауы жеңімпаздарының есімдері жарияланатын баспасөз конференциясы мен ресми марапаттау 16 мамыр күні сағат 12:00-де Астана қаласы, Сауран көшесі 45 мекенжайы бойынша «Hilton» отелінде өтеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір