• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 00:26:47
Алматы
+35°

26 Маусым, 2018 Аймақтар

Астана қаласында «Киелі Түркістан» атты ашық дәріс өтті

Акцияның мақсаты - жастардың ел тарихын білуге қызығушылықтарын арттыру, мәдени және рухани құндылықтарға баулу

ҚР ДІАҚМ Жастар саясаты департаменті «Жас Ұлан» ББЖҰ және «Болашақ» стипендиаттарының қауымдастығы» ҚБ бірлесіп Астана қаласы «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені аумағында ашық аспан астында «Киелі Түркістан» атты ашық дәріс өткізді.

Іс-шараға ғылым және шығармашылық зиялылары, қоғам қайраткерлері мен саясаттанушылар  ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілдері, республикалық жастар ұйымдарының басшылары мен белсенділері қатысты.

Іс-шара аясында Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары Амангелді Қашқымбаев жастар үшін еліміздің саяси әрі рухани өміріндегі Түркістан қаласының тарихи рөлі туралы танымдық дәріс оқып, рухани ордамыздың тарихи фактілері туралы айтып берді.

Сондай-ақ, журналист, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі Қанат Әуесбай қатысушылар  арасында Түркістан қаласының тарихын білу  туралы сұрақ-жауап сайысын өткізді.

Акцияның мақсаты - жастардың ел тарихын білуге қызығушылықтарын арттыру, мәдени және рухани құндылықтарға баулу,  Түркістан қаласы әкімшілік орталығымен жаңадан құрылған Түркістан облысының  имиджін нығайту болып табылады.

2018 жылғы 19 маусымда Елбасы Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қалалардың санатына жатқызу және облыстық орталығы – Түркістан қаласымен жаңадан әкімшілік-аумақтық бірлік Түркістан облысын  құру бойынша Жарлыққа қол қойғанын естеріңізге саламыз. 

Мемлекет басшысы Шымкент біздің елдің ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңірінің инвестициялар, технологиялар және интеллектуалды ресурстарды шоғырландыратын жаңа орталығына айналатынын белгілеп, сондай-ақ оның одан әрі ілгерілеуіне септігін тигізетініне және қаланың алдында жаңа перспективалар ашылатынын атап көрсетті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір