• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:06:07
Алматы
+35°

13 Қаңтар, 2018 Саясат

Астана-Нью-Йорк телекөпірінде маңызды мәселелер талқыланды

Мирослав Енча 1992 жылы Қазақстан жаһандық халықаралық ұйымның мүшесі атанды

Нью-Йоркпен (АҚШ) тікелей байланыс арқылы өткізілген баспасөз конференциясында БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енча және БҰҰ қоғамдық ақпарат департаментінің стратегиялық коммуникациялар директорының міндетін атқарушы Янош Тисовский БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысы туралы баяндап берді. Сонымен қатар, қазақстандық БАҚ өкілдері үшін БҰҰ қатысты онлайн-семинар өткізді, деп хабарлайды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Мирослав Енча 1992 жылы Қазақстан жаһандық халықаралық ұйымның мүшесі атанды. Осы 25 жылдан астам уақыт аралығында халықаралық қатынас жүйесінде өз орнына нық орналасты деген ой білдірді. «Қазақстанның былтырғы жылдың қаңтар айынан бастап Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі атануы оған дәлел. Өздеріңіз білетіндей, Қауіпсіздік Кеңес БҰҰ басты алты органының бірі және бейбіт өмір мен қауіпсіздік үшін жауапты. Қауіпсіздік Кеңес күнделікті күн тәртібіне енген бүкіл әлемдегі қауіпсіздік пен  бейбітшілікке қатысты мәселелерді шешеді. Биылғы жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан ҚК төрағалығына кірісті. Бұл өте маңызды роль. Өйткені, Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретінде ол жиындарға шақырумен айналысады, күн тіртібін белгілейді, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңес атынан сөз  сөйлейді. Келесі аптада Қауіпсіздік Кеңес үшін өте маңызды оқиғалар болады. Бұл ең алдымен, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ядролық қарусыздандыру мен сенім шараларына қатысты болатын ҚК отырысы.  Ал 19 қаңтар күні, жұмада Орталық Азия мен Ауғанстан мәлелелеріне қатысты жиын өткізіледі», - деп хабарлады Мирослав Енча.

Спикер Сириядағы шиеленіске ерекше көңіл бөлді. Пайымынша, бұл мәселеде Қазақстан Астана процесін өткізуде маңызды роль атқарады. «Сирия мәселесіне қатысты 8 раунд болды және Астана сауалын қарастырудағы Қазақстанның үлесі зор. Бұл туындаған шиеленісті төмендету, деэскалация зоналарын жасақтау. Маңыздысы БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі,   Стефан де Мистура мырзаның жетекшілігімен Женевада өтіп жатқан бұл мәселеге қатысты саяси процесті қолдайды, - деді БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір