• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 08:24:54
Алматы
+35°

25 Маусым, 2018 NEWS

Астана маңынан төрт баланың денесі табылды

ТЖ комитеті ата-аналарға жаз мезгілінде балаларға абай болуды, қараусыз қалдырмауды тағы бір мәрте ескертеді.

Астана маңындағы Пригородный кентінде суға батып кеткен төрт баланың денесі табылды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді. 

 

24 маусымда Пригородный кентінде, Нұра-Есіл каналы маңында үш бала жоғалып кетті деген ақпарат түскен. Оқиға орнына дереу Орталық өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағының қызметкерлері аттанды. 

Иманқұлов мәлімдегендей, алғашында үш бала туралы ақпарат түскен, кейін іздеу барысында тағы бір бүлдіршіннің суға кеткені анықталды. 

"Іздеу жұмыстары бүгін аяқталды. Таңғы сағат 05:17-де Нұра-Есіл каналынан 2007, 2006, 2007 және 2009 жылғы балалардың денесі табылып, судан шығарылды. Балалар рұқсат етілмеген жерде шомылып жүріп, суға кеткен", — делінген хабарламада. 

ТЖ комитеті ата-аналарға жаз мезгілінде балаларға абай болуды, қараусыз қалдырмауды тағы бір мәрте ескертеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір