• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:28:24
Алматы
+35°

15 Ақпан, 2018 NEWS

Astana Innovations Challenge 2018 іске қосылады

ОКҚ ақпараттық алаңында «Ақылды қалаға айналдырар қадам: Astana Innovations Challenge 2018 іске қосылады» тақырыбында баспасөз конференциясы болып өтті

ОКҚ ақпараттық алаңында «Ақылды қалаға айналдырар қадам: Astana Innovations Challenge 2018 іске қосылады» тақырыбында баспасөз конференциясы болып өтті. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 24-25 ақпанда «Ашық мәліметтер» тақырыбында хакатон өткізу жоспарланып отыр. Бұл – Astana Innovations Challenge 2018 іс-шаралары топтамасындағы бірінші хакатон. Ұйымдастырушылар аталмыш шараның дайындық барысы, қатысушылары мен ерекшеліктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Астана қаласының әкімдігі тарапынан 24-25 ақпанда «Ашық мәліметтер» тақырыбында стартап-жобалар байқауын өткізу жоспарланып отыр. Алдағы өтетін хакатон Astana Innovations Challenge 2018 топтамасындағы алдын ала жоспарланбаған іс-шара болып отыр. Сондықтан шара ұйымдастырушылары конкурс жеңімпаздарына бірқатар қызықты шешімдер мен тосынсыйлар әзірлеуде.

Баспасөз конференциясында сөз сөйлеген спикерлер:

  1. «Астана қаласының инвестициялар және даму басқармасы» ММ басшысы, Әбдіқадыров Әлішер Елісұлы;
  2. «Astana Innovations» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сартаев;
  3. MOST бизнес-инкубаторының бас директоры, Әлім Хамитов;
  4. «Елорданы тұрақты дамыту орталығы» ЖШС директорының орынбасары Ағлен Мақанова.

Бұл хакатонның ерекшелігі – мемлекеттік шенеуніктер, қоғам қайраткерлері, журналистер, инвесторлар мен сарапшылар «Шынайы диалог және түйткілдерді жекелей шешуге» қатысу мақсатында кездеседі. Атап айтқанда, аталмыш талқылау әзірлеушілер үшін қызықты болмақ, олар жетекші сарапшылар мен мемлекеттік органдардың бірінші басшыларынан бүгінде қандай әзірлемелер сұранысқа ие екенін және оларды іске асыруда қалай инвестиция тарту керектігін біле алады.

Хакатонның қорытындысы бойынша 3 үздік стартап-жоба іріктеліп алынып, олар әріптестер – Microsoft Kazakhstan мен Here Technologies компаниялары  ұсынған 1 000 000 теңге мөлшеріндегі жүлде қорын өзара бөліседі.

Мұнан басқа, ең дарынды әзірлеушілер Мәскеу қаласына «Сколково» қорындағы әріптестерімен тәжірибе алмасуға бара алады.

Бүкіл хакатон бойы әзірлеушілердің жетістіктерін мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер өкілдері, әлеуетті инвесторлар, халықаралық компаниялар мен қорлар қызметкерлері қадағалайтын болады.

Қатысушылар 24-25 ақпан хакатонда шешуі тиіс мәселелер:

  • Астана қаласындағы қоғамдық көлікті және көлік жүйесін қадағалау бойынша сервистер жасау;
  • автобустардағы жолаушылар легін ескере отырып, көлік лектерін жоспарлау;
  • халықтың қала іс-шаралары бойынша хабардарлығын арттыру;
  • қаланың экологиялық ахуалын үлгілеу және халықты ақпараттандыру;
  • «Қазақтелеком» АҚ Ақпараттық жүйелер дирекциясының «Ашық цифрлық платформа» жобасы аясындағы міндеттері
  • және басқалары

Мұның барлығы хакатон аясында таныстырылатын ресурстың арқасында мүмкін болады және цифрлық болашақты, «Ашық мәліметтер» порталын жасауда кезекті қадам болады.

Байқаудың ұйымдастырушылары – «Астана Innovations» АҚ және жекеменшік MOST бизнес-инкубаторы.

Бас әріптес – «Қазақтелеком» АҚ филиалы – Ақпараттық жүйелер дирекциясы.

Алаң Astana Hub тарапынан ұсынылды. Жобаға Елорданы тұрақты дамыту орталығы, «Астана LRT» ЖШС, «Қазгидромет» РМК қолдау білдірді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір