• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 14:36:14
+35°

15 Ақпан, 2018 Экономика

Астана финтехтің әлемдік астанасына айналады

Fintech Stars – әлем бойынша инновациалық шешімдерді жинақтауға бағытталған бағдарлама.

 «Астана» Халықаралық қаржы орталығы, Seed Stars швейцарлық қоры мен MOST жеке Бизнес-инкубатор Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында Fintech Stars стартаптары үшін халықаралық акселерация бағдарламасы іске қосылуы туралы мәлімдеді.

Астанада  Seedstars  және Бинес-инкубатор MOST-пен АХҚО-ның (Астана Халықаралық Қаржы Орталығы)  әріптестігі аясында іске қосылған Fintesh Stars акселерациясы халықаралық бағдарламасы бойынша әлемнің ең мықты он стартап-командалары жиналады.

Fintech Stars – бұл әлемдік финтех-компаниялардың өзара әрекетінің платформасын жасайтын және әлем бойынша инновациалық шешімдерді жинақтауға бағытталған акселерациялық бағдарлама. 

«Қазақстандағы қолайлы жағдайға қарай «миды қозғау» тапсырмасын жасау қажет. Ол үшін талантты адамдар жеткілікті болуы керек, инвестицияға қолжетімділік, жаңа бағыттағы заңдар жинағы, қаржы мекемелері мен компаниялардың өзгеріске дайындығы қажет. Жекелеген талантты адамдардың қабілеттерін бір арнада пайдалану үшін және қызығушылық тудыру мақсатында Қазақстанға халықаралық кәсіпкерлердің келуіне жағдай жасаған жөн», -  деді Seedstars компаниясының өкілі Игорь Овчаренко.

Бір жарым ай бойы Қазақстаннан, Орталық Азия елдерінен, Таяу Шығыстан, Кавказ республикасынан, ЕАЭС, Европа, Қытай, Монғолиядан осы бағдарламаға өтінімдерді қабылдау жұмысы жүргізіледі. Осының нәтижесінде ұйымдастырушылар  20 мың АҚШ долларын құрайтын егістік инвестициясына қол жеткізетін ең мықты 10 команданы іріктеп алады. Одан кейінгі үш айда кешенді оқыту мен жобаны дамыту жұмыстары жүргізіледі. «Демо дня» қорытындысы бойынша стартап-жобалар қосымша қаржыландыру мен жекелеген және халықаралық нарыққа шығуға мүмкіндік алады.

Бұл бағдарлама 23 сәуірде басталып, 4 шілдеде аяқталады.

«Біз Fintech Stars  стартап жобасына бәсекелестік ортаны қалыптастыру үшін халықаралық стартап жүйесін тартып отырмыз. Біздің мақсатымыз финтех саласында жұмысын жаңадан бастаған кәсіпкерлерді қолдау және олардың кәсібін дамытуына қажетті құралдарды беру болып табылады. Стартапты дамытуда үлкен тәжірибесі бар халықаралық компаниялармен бірлесе іске қосылған акселерациялық бағдарлама біздің мақсатымыздың жүзеге асуына пайдасын тигізеді. Бұл бағдарлама мықты 10 команданың стартап-жобасын қаржыландыруға ғана емес, сонымен қатар кәсіпкерлерге өз жобасы аясында осы саланың мықты сарапшыларымен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Оларға бизнес-процестерді қалай жүзеге асыруға, бәсекелестік ортада қалай жұмыс істеуді оқытып, үйретеді. Бағдарламаның осы оқыту бөлігі нәтижелі және жемісті стартап жасаудың басты кілті деп санаймыз. Стартаптардың үлкен нәтижеге қол жеткізетініне сенеміз. Сіздердің бағдарламаға қатысуға өтініштеріңізді күтеміз», - деді сандық технологиялар АХҚО директоры Әсел Жиенбаева.

Seedstars компаниясының өкілі Игорь Овчаренко акселерациялық бағдарламаны ұйымдастырушылардың әріптестік құрамына қарап-ақ,  бұл бағдарламаның стартаптарға үлкен мүмкіндік береріне сенім білдірді.

«Seedstars арқылы халықаралық менторларға, инвесторларға, клиенттер мен қызметкерлерге, MOST – жекелеген, ал АХҚО – материалдық-заңдық база мен мемлекеттік секторларға қолжетімділік мүмкіндігін береді. Бағдарламадан кейін стартаптар Seedstars Investor Club, MOST бизнес-ангел Ассоциациясынан және әріптестерінен өзінің жұмыс нәтижесіне қарай, өсімі мен жылдамдығы бойынша 350 мың АҚШ доллары көлемінде инвестиция алады».

«8 жылдан бері кәсіпкерлердің өз мақсатына жетуі үшін көмектесіп жүрген жекелеген экожүйелік стартап ретінде FintechStars жобасының маңыздылығы мен қажеттілігін басқалардан гөрі жақсы түсінеміз. АХҚО мен SeedStars-тың бұл жобаға қатысуы қазақстандық стартаптар мен халықаралық командаларға көптеген мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама жекелеген және халықаралық сарапшылардың бірігуіне, тәжірибелі менторлардың атсалысуына, кәсіпкерлерге білім беріп, өз кәсібін жүргізуге және тіркеуіне қолайлы жағдай жасайды. Стартаптарға айтарым, халықаралық акселерациялық бағдарламаға қатысыңыздар, өз мүмкіндіктеріңізді жіберіп алмаңыздар», - деді MOST Бизнес-инкубаторының бас директоры Әлім Хамитов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір