• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:13:27
Алматы
+35°

18 Мамыр, 2018 NEWS

Астана аспанындағы көгілдірлердің туы көпшіліктің наразылығын тудырды

Астананың көк аспанында желбіреген көгілдірлер туы көпшіліктің наразылығын тудырды.

Астанада Еуроодақ кеңсесінің жанына ілінген ЛГБТ туы көпшіліктің наразылығын туғызды. Ерекше жандардың жалауы Еуропа елдерінің рәміздерінің жанынан бой көтерген деп хабарлайды esil.media парақшасына сілтеме жасаған Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Кейбір ресми емес деректер бойынша Қазақстанда 400 мыңнан астам ЛГБТ өкілдері бар екен.

Айта кетейік, мұны көрген желі қолданушылары ашуға булығып, түрлі сарындағы пікірлерді қарша боратты. 

"Бұл ауру ғой. Еуропа елдерінен үлгі алып керегі жоқ", "Олар өздерін "бала күнінде психологиялық зақым алдық" деп қорғайтын шығар. Бірақ бұл біздің салт-дәстүрімізге жат. Оны насихаттамайық", "Жасырын болғаны аздай, енді туын іліп қойыпты. Масқара", "Махаббат деген жақсы нәрсе. Тек ол ер мен әйелдің арасында туындаса", "Астаналықтар, туды жұлып алып, өртеп жіберіңіздер" деп ашынды оқырмандар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір