• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:46:07
Алматы
+35°

18 Мамыр, 2018 Спорт

"Astana Arlans" боксшылары британдық "British Lionhearts" командасын жеңді

Бокс кешінде арландар алға шығып, британдық боксшыларды 3:2 есебімен жеңді.

Британияның Шеффилд қаласында "Astana Arlans" және "British Lionhearts" командалары арасында Бүкіләлемдік бокс сериясының бірінші жартылай финалдық матчы аяқталды.

Бокс кешін алғашқы болып бастау 49 килограмм салмақ дәрежесіндегі Теміртас Жүсіпов пен Галал Яфауға бұйырды. Төрешілер жеңісті 2:1 есебімен Галал Яфауға берді.

56 килограмм салмақта арландардың намысын Ілияс Сүлейменов қорғады. Ол қарсыласы британдық Найл Дин Фареллмен алаңда атой салып, 3:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Жергілікті боксшы Далтон Грантпен 64 килограмм салмақта қолғап түйістірген Ділмұрат Міжітов төрешілердің шешімімен алға озып, арландарға екінші жеңісті алып берді.

Орта салмақтағы Әбілхан Аманқұл британдық Джордон Рейнолдспен күш сынасып, алға озды. Аманқұлдың жетістігі қазақстандық командаға «British Lionhearts» командасынан 3:1 есебінде басым түсіп, алғашқы жартылай финалдың жеңісін сыйлады.

Ауыр салмақтағы Арбек Әбдіғаниев шаршы алаңда Чэвон Кларкпен қолғап түйістірді. Нәтижесінде біздің арлан британ боксшысына есе жіберіп алды.

Осылай «Astana Arlans» бірінші жартылай финалда «British Lionhearts» командасы 3:2 есебімен ұтты.

Қос команда арасындағы екінші жартылай финал 26 мамырда Атырау қаласында өтетінін естеріңізге саламыз.

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір