• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:51:42
Алматы
+35°

08 Маусым, 2018 Спорт

«Астана арландарының» боксшылары Президент кубогына қатысуда

Бұл күндері елордамыздың «Дәулет» спорт кешенінде бокстан Қазақстан Республикасының Президенті кубогы өтіп жатыр

Бұл күндері елордамыздың «Дәулет» спорт кешенінде бокстан Қазақстан Республикасының Президенті кубогы өтіп жатыр. 15 елдің 162 боксшысы қатысып жатқан турнирде «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының құрамына кіретін «Астана арландары» командасы да бар.

Айта кетейік, турнир жеңімпаздарына Қазақстан бокс федерациясы 2000 АҚШ долларынан тағайындаған. Екінші орын иегерлері 1000 долларға ие болса, жартылай финалға жеткендер 500 доллардан алады. Жалпы, жүлде қорын айтпағанда, турнирдің мәртебесі өте жоғары. Сондықтан болса керек, биыл алтыншы рет ұйымдастырылған Президент кубогына Қазақстанның бірнеше құрамынан бөлек, Беларусь, Үндістан, Жапония, Қырғызстан, Моңғолия, Қытай, Филиппин, Ресей, Швеция, Тәжікстан, Таиланд, Түркменстан, Өзбекстан және мұхиттың арғы жағынан АҚШ құрамасы да келген.

Ал «Астана арландары» командасы үшін ҚР Президент кубогы Дүниежүзілік бокс сериясының қарсаңындағы маңызды сынақтарды бірі. Бүгінде елордамыздың «Тарлан-Арена» спорт кешенінде дайындықтарын пысықтап жүрген «арландар» Президент кубогына толық құрамда қатысуда.

Бүгін турнирдің ширек финалдық жекпе-жектері басталды. «Астана арландары» боксшылары үшін Президент кубогы сәтті жалғасуда. Мәселен, 56 келідегі Қайрат Ералиев моңғол боксшысы Мунхубаатар Тсаганбаатарды ойнап жүріп жеңсе, дәл осы салмақтағы Ілияс Сүлейменов түркмен қарсыласы Зариб Жумаевты бірінші нокаудта-ақ бауырдан ұрып, тұра алмастай етіп, бүктеп тастады. Сол сияқты, Абылайхан Жүсіпов, Асланбек Шымбергенов және Қамшыбек Қоңқабаев та өз жекпе-жектерін жеңіспен аяқтап, жартылай финалға жолдама алды.

Ал ертең шаршы алаңға ширек финал аясында тағы бір қатар «арландар» шығады. Президент кубогы 11 маусым күні мәресіне жетпек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір