• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:07:06
Алматы
+35°

13 Наурыз, 2018 Аймақтар

Әскери қызметтегі арулардың қатысуымен «Жаркент аруы – 2018» байқауы өтті

Жаркент қаласының қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің үміткер қыз келіншектерінің қатысуымен «Жаркент аруы – 2018» байқауы ұймдастырылды

 

Жаркент қаласының аудандық мәдинет үйінде Жаркент гарнизонының бастығы полковник Сарсенов Сакен Шамшудинұлының жоспарына сәйкес 74261, 2091, 96617 әскери бөлімдері және Жаркент қаласының қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің үміткер қыз келіншектерінің қатысуымен «Жаркент аруы – 2018» байқауы  ұймдастырылды. Аталған мерекелік іс – шара бойынша қыз келіншектер 5 кезең бойынша сынаққа түсті, сынақтардың атауы өз өзін таныстыру, креативті костюм, ұлттық киім үлгісі, өнерлі ару және кешкі көйлек үлгілері бойынша сайыс өткізілді. «Жаркент аруы -2018» байқауына төрелік ету үшін қатысушылардың бөлімдерінен емес, әділ шешім шығару мақсатында мәденит және басқа салалардан әділқазы алқалары тағайындалған. Осы мерекелік байқауға   өз өнерлерін көрсетуге аудандық мәдениет үиінің бишілері мен әншілері сахына төрінде өздерінің өнерлерін көрсетіп байқауды қыздыра түсті. Әділқазы алқаларына ұнаған және өздерінің әділ шешімін шығаруға қыйын болған кезеңнің бірі ол үміткерлердің бал тамған бармақтарынан жасалған дәмді тағамдар байқауы болды. Ана бір қолымен бесікті тербетсе екінші  қолымен әлемді тербетеді деген мақал осы біздің аруларға арналғандай. Таңның атысынан сапқа тұрып елімізді қорғап журген аруларымыздың  өнерін бағалау әділқазы алқаларына  оңай болмағаны анық болды. Әрине жарыс болған соң ол жерде жеңімпаз болуы керек. Әділқазы алқасы барлық кезеңдерді есепке ала отырып өздерінің әділ шешімімен гран при жүлдесін өз өнерімен өзге арулардан оза түскен 74261 әскери бөлімінің әскери қызметшісі ефрейтор Ф.Ниязоваға берді, 1-ші орын 2091 әскери бөлімінің әскери қызметшісі ефрейтор Д.Иманбаева, 2-ші орынды 96617Д әскери бөлімінің әскери қызметшісі сержант М.Тугельбаеваға, 3-ші орынды  74261 әскери бөлімінің қызметшісі  Н.Ахтамова бір кісідей жүлделі орындары беріліп гарнизон бастығының сыйлықтарымен марапатталды.

Жаркент

Жаркент

«Жаркент аруы -2018» байқауы  осы жылға жоспарланған  ауқымды шаралардың бірі болды десек артық айтпаймыз. Осы мерекелік іс шараға ат салысып бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып бір кісідей болған 74261 әскери бөлімінің әйелдер кеңесінің төрайымы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қызметкері М.Мелеупованы Жаркент гарнизон бастығы өзінің алғыс хатымен марапаттады. Байқауға көрермен болып келген  қолдаушыларда аз болмады. Көрермендерге  арулардың мың бұралып билеген билері, бұл - бұл  құстай шырқап салған  әндері ерекше бір ғанибет сезімге баурап, ұмтылмастай естелік қалдырды деп толықтай айталамыз. Аталған  мерекелік іс-шара Жаркент қаласында алғашқы рет аталып өткен, ендігі кезекте осындай мерекелік іс - шаралар тоқтап қалмай жыл сайын ұйымдастыру мақсаты көзделіп отыр.

Жаркент

74261 әскери бөлім командирінің

тәрбие және идеологиялық жұмыстар

жөніндегі орынбасары майор М.Е.Кунчаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір