• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 05:32:02
Алматы
+35°

17 Маусым, 2018 Аймақтар

«Асыл мирас» аутизм орта­лығы  Оралда  өз жұмысын бастады

«Аутизм. Бар­шаға бір әлем» авторлық бағдарла­масы лицензиясының құны 8 млн. 240 мың доллар тұрады.

Жуырда Орал қаласындағы «Асыл мирас» жеке қоғамдық қорының қолдауымен «Бәйтерек» БҚО ҚБ» басқармасының ғимаратында аутизм дер­тіне шалдыққан балаларға жәрдем беруге арналған көпбейінді орталық ашылған болатын. Бүгінде аталмыш орталық аутизм дертіне ұшыраған облыстағы 100-ден астам  балаға  ем жүргізе бастады.

– «Асыл мирас» аутизм орта­лығы 2015 жылы алғаш Алматыда ашылды. Содан кейін Өскемен, Қызылорда, Астана қалаларында қызметін бастады. Орталық 15 жасқа дейінгі аутистік спектр дертіне шалдыққан балаларды қабылдайды. Қазақстан бойынша арнаулы диагностикадан 2600ден астам бала өтті. «Аутизм. Баршаға бір әлем» бағдарламасы ауқымында 2151 балаға тегін кө­ мек көрсетілді. Орталық әдісте­месі халықаралық зерттеулерге негізделген. Ғылыми кеңесшілер ата-аналарға ақпараттық және пси­­хологиялық қолдау көрсетеді, – деді қоғамдық қордың директо­ры Марат Аймағамбетов. «Бәйтерек» БҚО ҚБ» басқар­ма­сының төрайымы Меруерт Сан­каеваның айтуынша, Болат Өтемұратов қорының «Аутизм. Бар­шаға бір әлем» авторлық бағдарла­масы лицензиясының құны 8 млн. 240 мың доллар тұрады. Ком­пания бағдарлама негізінде орал­дық сегіз маманды оқытқан. Оралда аутизм орталығының ашылатынын естіген күні 47 атаана хабарласқан. Оның ішінде өзге облыстардан да қоңырау шалып үлгерген. Әзірше орталық көмегі тегін. Меруерт Санкаева сұраныстың көптігіне байланыс­ты алдағы уақытта орталықтың ақылы бөлімдері ашылуы мүмкін екенін айтты. Аутизмге 7-10 және 11-15 жастағы балалар көп шалдығады. Халықаралық сарап­шылар Қазақстанда АSD дер­тіне шалдыққан балалардың са­ны 60 мыңға жуық екенін хабарла­ды. Оралда да аутизмге ұшы­ра­ған балалар саны алдағы уа­қытта нақты анықталады. Маман­ дардың айтуынша, аутизм – ми жүйесінің ауытқуы. Бала сыртқы құбылыстарды қабылдай алмай­ды. Генетикалық жолмен берілуі мүмкін аутизм белгілері дер ке­зінде байқалмағандықтан, қо­ғам­ға бейімделуі жай жүреді. Сон­дық­тан ерте диагностикадан өткізіп, ме­дициналық қана емес, бала мен оның ата-анасына психология­лық және педагогикалық қолдау қа­жет-ақ. Орталықта мамандар ба­ла­ның сөйлеу дағдысын дамы­туға, күнделікті өмірге бейім­де­луге, өзара және отбасы­мен қа­­­рым-қатынасын жетілдіруге кө­мектеседі. Ата-аналар бала­лар­дың жүріс-тұрысын реттеуді үй­ре­­не­ді, мінез-құлық ерекшелігін қабылдайды, өзін кінәлі сезіну­ді қо­йып, ішкі сенімі нығаяды. Диаг­ноздың анықталуына орай емдеу уақыты үш немесе одан да көп айға жалғасады. «Асыл мирас» жеке қоғамдық қорының негізін қалаған меценат Болат Өтемұратов – «Верный ка­питал» компаниялар тобының не­ гізгі акционері. Кәсіпкер «Forbes» рейтингінде қазақстандық үздік­ тердің қатарында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір