АШМ: 2017 жыл аграрлық сектор үшін өте табысты жыл болды

АШМ: 2017 жыл аграрлық сектор үшін өте табысты жыл болды
Ⓒmgov.kz

Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Ө.Шөкеевтің төрағалығымен кеңейтілген алқа отырысы болып өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Министрлікте өткен кеңейтілген алқа отырысында 2017 жылғы атқарылған жұмыс қорытындылары мен Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауы аясында 2018 жылға арналған негізгі міндеттер жайында айтылды.

Бейнеконференция байланыс арқылы жүргізілген шараға облыстық әкімдіктердің, агробизнес және қоғам өкілдері қатысты.

Кеңейтілген алқа отырысында агроөнеркәсіптік кешен алдында еңбек өнімділігін арттыру және өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауды 2,5 есеге артыру міндеті жүктелгені жайында сөз болды.

«Еңбек өнімділігін арттыру үшін жағдайды түбегейлі өзгертуге болатын 4 негізгі бағытты анықтадық: дәл қазіргі заманауи технологияларды енгізу, ауыл шаруашылығы техникасын жедел түрде жаңарту, мал шаруашылығын дамыту және суармалы жерлерді қарқынды түрде енгізу. Дәл осы бағытта мемлекеттік қолдау саясаты енгізілетін болады», - деп атап өтті ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев.

Өмірзақ Шөкеев

2017 жылғы Агроөнеркәсіп кешенінің жұмысын қорытындылап, АШМ вице-министрі Р.Құрманов «2017 жылғы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту қорытындылары» туралы баяндама жасады.

«Өткен жыл экономиканың аграрлық секторы үшін өте табысты болды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімі 2,9%-ға ратып, 4,1 трлн. Теңгені құрады. Сонымен қатар, азық-түлік өндірісі 4,1%-ға артты», - дейді Р.Құрманов.

Оның айтуынша, 2017 жылдың қорытындысы бойынша, ауыл шаруашылығы кооперативтері 19 мың тонна ет, 132 мың тонна сүт және де 33 мың тоннадан астам жеміс өндірілген.

Рүстем Құрманов

Ауыл шаруашылығы өнімдері мен оларды экспорттауды 2,5 есеге арттыру мәселесін шешу үшін Ауыл шаруашылығы вице-министрлері өз баяндамаларында АӨК-ті дамытудың басты қадамдарына назар аударды.

АШМ бірінші вице-министрі Арман Қайратұлы  ҚР Ауыл шаруашылығы министрлгінің 2018 жылға арналған жоспарымен таныстырып өтіп, АӨК өнімін 2,5 есеге артыру мәселесінің маңыздылығын атап өтті.

«Біздің алдымызда агроөнеркәсіп өнімділігі мен өңделген өнімдерді экспорттауды 2,5 есеге арттыру міндеті тұр. Осы міндеттерді орындау үшін біз Министрліктің негізгі күші мен ресурстарын 9 негізгі бағытқа қарай аударамыз:

– Қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру;

– Сауда нарықтарын кеңейту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын дамыту;

– Мемлекеттік бақылау мен қадағалау тиімділігін арттыру;

– Салық төлемдерін жетілдіру;

– Аграрлық ғылым, білім беру және білім тарату жүйесін реформалау;

– Агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру;

– Технологияның қол жетімділігі;

– Биологиялық ресурстарды оңтайлы басқару;

– Су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру.

Әр бағытта өлшенетін көрсеткіштер мен нақты шаралар анық көрсетілген. Вице-министрлердің түпкілікті нәтижелерге арналған міндеттері мен жауапкершілігі арнайы меморандумда Министрлікпен бекітілген. Мұның барлығы Министрліктің 2018 жылға арналған жедел жоспарында көрініс тауып отыр. Ғылым, білім және білімді тарату; АӨК-ті цифрландыру; технологияның қол жетімді болуы – осы үш блокқа мен өзім тікелей жауаптымын», - дейді Арман Қайратұлы.

Оның айтуынша, агроөнеркәсіптік кешенін цифрландыру ісі аса маңызды болып табылады.

«Мұнда ең басты күтілетін мәселе нақты фермерлік шаруашылықтар мен «ақылды фермалар» элементтерін енгізуге басты назар аударылатын болатын. Бірінші кезеңде біз геопозияциялық, вегетативтік, агрохимиялық, гидрогеологомелиоративтік және метереологиялық қабаттарымен электрондық карта орындарын жасау қажеттілігін көріп отырмыз», - деп айтып өтті бірінші вице-министр Арман Қайратұлы.

Арман Қайратұлы

Оның айтуынша, өнеркәсіпті цифрландыру мемлекеттік заңдар мен қадағалаудың сенімділігін арттырады, жоғары технологияларды енгізуге ынталандырады, мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттырып, олардың ашықтығы мен фермерлерге қол жетімділігі, сыбайлас жемқорлық көріністерін азайтады екен.

Сондай-ақ, вице-министр Р.Құрманов пен «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Н:Малелов 2017 жылға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту қорытындыларын баяндады.

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 3 ай бұрын

    Дұрыс қой агро өнеркәсіп кешенің дамытуымыз керек

    • 3 ай бұрын

      Ауылшаруашылығы атам заманнан келе жатқан бізге жақсы таныс кәсіп, соны жалғастырып қана қоймай жаңа технологияларды пайдаланып дамытуымыз кере.к

    • 3 ай бұрын

      @Расул рас.ата-бабамыз мал асырап, егін еккен ғой. біздің ата кәсібіміз осы

  • 3 ай бұрын

    Ауыл шаруашылықта көп іс жасалып жатыр

    • 3 ай бұрын

      Шөкеев іскер азаматтың бірі, мына министрлікте өзгерістер болады деп сенеміз.

  • 3 ай бұрын

    Біздің солтүстік өңірлердің жері керемет құнарлы еді ғой

    • 3 ай бұрын

      Қанат, қазірде құнарлы. Елді астықпен, нанмен қамтамассыз етіп отырған өңір осы солтүстік қой.

    • 3 ай бұрын

      Жалпы қай өңір болмасын өзіне тән ерекше. Мысалы, оңтүстік өңірде көкөніс, жемістер, Қызылордада күріш, солтүстікте бидай дегендей. Бай жеріміз, соны дұрыс бағытта пайдалана білейік.

    • 3 ай бұрын

      @Амина Шынымен де біздің жеріміз керемет қой

    • 3 ай бұрын

      құнарлы еді ғой, емес, әлі де құнарлы)

1
Балқаштағы №15 мектеп-лицейге Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов есімі берілмек
26/05 13:58 1 85
2
Жандарбек Бекшин Алматыда тараған менингитке қатысты түсінік берді
26/05 11:47 0 96
3
Джекрмал Чарло Головкиннің орнына "Канеломен" кездесуге дайын екенін айтты
26/05 10:59 0 149
18 жастағы оқушы өз мектебін сатылымға қойған
26/05 10:36 2 371
Алматы мен әзірбайжандық Гянджа бауырлас қалаларға айналуы мүмкін
26/05 10:23 0 217

Таныстырылғандар

Алматыда өрт сөндіру көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті
Алматыда өрт сөндіру көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті
Алматыда өрт сөндіру көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті
Жол апаты Саин көшесінің бойында болған.
15/05/2018 15:01 0 296
ҚМДБ: Рамазан айында Алматыдағы автобустар түнгі 12-ге дейін қатынайды
ҚМДБ: Рамазан айында Алматыдағы автобустар түнгі 12-ге дейін қатынайды
ҚМДБ: Рамазан айында Алматыдағы автобустар түнгі 12-ге дейін қатынайды
Қасиетті Рамазан айында Алматыдағы қоғамдық көліктер түнгі 12-ге дейін қатынайды.
15/05/2018 15:07 5 609
А.Мұхамедиұлы: Жалғыз Димаш емес, бізде таланттар көп
А.Мұхамедиұлы: Жалғыз Димаш емес, бізде таланттар көп
А.Мұхамедиұлы: Жалғыз Димаш емес, бізде таланттар көп
Мәдениет министрі «шетелдік продюсерлер Димаштың арқасында қазақстандық әншілерді көп іздейді",-дейді.
15/05/2018 15:31 5 1120
Маңғыстауда тарихи-мәдени мұралар зерттелуде
Маңғыстауда тарихи-мәдени мұралар зерттелуде
Маңғыстауда тарихи-мәдени мұралар зерттелуде
Кешенді экспедиция алты бағытты қамтымақ.
17/05/2018 13:47 0 289
Ағасы туған қарындасын айуандықпен өлтірді деген күдікпен ұсталды
Ағасы туған қарындасын айуандықпен өлтірді деген күдікпен ұсталды
Ағасы туған қарындасын айуандықпен өлтірді деген күдікпен ұсталды
Сотта 35 жастағы ер адам туған қарындасын мас кезінде өлтіргені айтылды.
17/05/2018 15:48 0 6108
Алматыда «Сайран» автовокзалы мен «Тастақ» базары қайта жасалады
Алматыда «Сайран» автовокзалы мен «Тастақ» базары қайта жасалады
Алматыда «Сайран» автовокзалы мен «Тастақ» базары қайта жасалады
Мегаполис басшысы автовокзал маңы көпішілікті өзіне тартатын шағын аудан болуы тиіс екендігін атап өтті.
18/05/2018 15:41 0 720
Отырарда тұңғыш рет "Музей түні" өтті
Отырарда тұңғыш рет "Музей түні" өтті
Отырарда тұңғыш рет "Музей түні" өтті
Ғасырлар тереңінен сыр тартқан өлке тарихымен жете танысуға шақырған «Музей түні» мәдени шарасы ауызашарға ұласты.
19/05/2018 10:25 0 476
Қостанайда ер адамды үй ауласында өлтіріп кеткен
Қостанайда ер адамды үй ауласында өлтіріп кеткен
Қостанайда ер адамды үй ауласында өлтіріп кеткен
Куәгерлердің сөзінше, ер адамды ауласында өлтіріп кеткен.
21/05/2018 09:51 0 209
Полиция секс-құлдықта болдым деген қазақ қызына қатысты жаңа деректер айтты
Полиция секс-құлдықта болдым деген қазақ қызына қатысты жаңа деректер айтты
Полиция секс-құлдықта болдым деген қазақ қызына қатысты жаңа деректер айтты
Полиция қызметкерлері «Саяхат» автовокзалы аумағында көлік астына түскен алматылық қыздың арызы бойынша рейд жүргізді.
21/05/2018 17:38 1 11156
Атырауда лифт шахтасына екі бірдей жасөспірім құлап, қаза тапты (видео)
Атырауда лифт шахтасына екі бірдей жасөспірім құлап, қаза тапты (видео)
Атырауда лифт шахтасына екі бірдей жасөспірім құлап, қаза тапты (видео)
Лифт шахтасына құлап, абайсызда ажал құшқан 14 жастағы жасөспірімдер қаладағы 34 мектептің оқушылары екен.
22/05/2018 04:33 0 5114
Қостанай облысында 11 жастағы қыздың мәйіті табылды
Қостанай облысында 11 жастағы қыздың мәйіті табылды
Қостанай облысында 11 жастағы қыздың мәйіті табылды
Тергеу жұмыстары Қостанай облыстық ІІД бақылауында.
22/05/2018 09:52 0 1270
«Эволюцияның 15 жылы: құбылмалы дүние және бізге өзгеріс әкелген әлем»
«Эволюцияның 15 жылы: құбылмалы дүние және бізге өзгеріс әкелген әлем»
«Эволюцияның 15 жылы: құбылмалы дүние және бізге өзгеріс әкелген әлем»
Шараның алғашқы шеберлік дәрісін «#Hashtag our stories» компаниясының негізін қалаушы Юсуф Омар бастады.
22/05/2018 13:05 0 326
Еуразия Медиа Форумының ашылуында Алматы әкімі қазақ тілінде сөз сөйледі
Еуразия Медиа Форумының ашылуында Алматы әкімі қазақ тілінде сөз сөйледі
Еуразия Медиа Форумының ашылуында Алматы әкімі қазақ тілінде сөз сөйледі
Өз сөзінде қала әкімі Форумды ұйымдастыру комитетіне және Дариға Нұрсұлтанқызына жеке алғыз білдірді
23/05/2018 14:43 0 453
Димаш Құдайбергеннің  бейнебаяны шықты (видео)
Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны шықты (видео)
Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны шықты (видео)
Димаш бейнебаянының тұсауын кесті
24/05/2018 09:50 0 1034
XV Еуразиялық Медиа Форумның жұмысы аяқталды
XV Еуразиялық Медиа Форумның жұмысы аяқталды
XV Еуразиялық Медиа Форумның жұмысы аяқталды
Форумның жабылу салтанаты Дариға Нұрсұлтанқызының қорытынды сөзімен аяқталды.
24/05/2018 18:13 0 348