• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:10:03
+35°

23 Сәуір, 2018 NEWS

"Ашаршылық" құрбандарына арналған монументтегі баланы ұрлап кетті

ІІД мәліметіне сәйкес, қоладан жасалған баланың мүсіні бірнеше бөлікке бөлінген.

Астанада «Ашаршылық» монументіндегі қоладан жасалған баланы ұрлап кетті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер күдіктіні ұстады. Ол қоладан жасалған баланың мүсінін металл қабылдайтын орынға өткізбек болған жерінен ұсталды.

«1932-1933 жылдары болған ашаршылық құрбандарына арналған монументтегі баланы ұрлаған күдікті ІІД-нің уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Қазір ҚР ҚК 188 бабы бойынша сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр» делінген хабарламады.

ІІД мәліметіне сәйкес, қоладан жасалған баланың мүсіні бірнеше бөлікке бөлінген. Ол бұған дейін де ұрланған. Ол уақытта мүсінді таба алмаған.

2018 жылдың қаңтарында монумент авторы Валерий Пирожков мүсінді қайта жасап, оны ұрланған баланың орнына қойған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір