• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:42:08
Алматы
+35°

15 Желтоқсан, 2017 NEWS

Асанов, Абаев, Бекетаев және Қасымбек «Парасат» орденіне ие болды

Қазақстанның Еңбек Ері атағы "Теңізшевройл" ЖШС менеджері Руслан Қуатов және "Жақсылық" ШҚ жетекшісі Жақсылық Үшкемпіроке де берілді

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік марапаттар мен сыйларды табыстау рәсімін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Марапатталғандар арасында - Жоғарғы соттың жаңа төрағасы Жақып Асанов, ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, әділет министрі Марат Бекетаев және инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек. Олар "Парасат" орденіне ие болды. 

"Парасат" ордені 1993 жылы 1 сәуірде бекітілген. Бұл орденмен Қазақстан Республикасының дамуы мен рухани және зияткерлік әлеуетіне үлес қосқан қайраткерлер марапатталады. 

Айта кетейік, Қазақстан Президенті "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовке  "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын беру туралы жарлыққа қол қойған. 

Сонымен қатар,  "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын "Теңізшевройл" ЖШС менеджері Руслан Қуатов және "Жақсылық" ШҚ жетекшісі Жақсылық Үшкемпіроке де берілді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір