• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 15:27:41
Алматы
+35°

11 Мамыр, 2018 Саясат

Асад өзін «хайуан» деп балағаттаған Трампқа жауап берді

Трамп Асадқа тіл тигізді. Ресей АҚШ президентінің бұл қылығына «әдепсіздік пен намысқа тию» деп баға берді.

Сирия Президенті Башар Асад жақын арада Дональд Трамппен кездесуі мүмкін екенін айтты.

«Кез келген кездесу нәтиже беруге тиіс, бірақ Трамп секілді тұрақсыз саясаткермен қандай межеге жетуге болатыны белгісіз», - дейді Сирия көшбасшысы.

Өзін «хайуан» деп балағаттаған АҚШ президентіне жауап берген Асад «мұндай мәлімдеме американдық мәдениетке сай ма екен?»,- деп қызығушылық танытты. «Әлемде мұндай балағат сөздерді қолданатын қоғам барына күмәнмен қараймын»,- деді араб елінің басшысы.

Асад өзіне айтылған мұндай балағат сөздерге тек саясаткер ретінде назар аударатынын, ал өз басына мұның ешбір әсері жоқ екенін аңғартты. «Қазір менің елімде болып жатқан соғыс пен террористер туралы пікірлер ғана маңызды», - дейді Асад.

Еске сала кетейік, Дональд Трамп сәуір айында өзінің Твиттер парақшасында: «Путин, Ресей және Иран хайуан Асадты қолдағандары үшін жауапты», - деп жазған болатын. Кремль Сирия президентіне бағытталған бұл мәлімдемеге «әдепсіздік пен намысқа тию» деп баға берді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір