• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 13:17:56
Алматы
+35°

21 Мамыр, 2018 NEWS

Аружан Саин 7 жастағы "зорланған" баланың ісіне қатысты мәлімдеме жасады

Аружан Саин халыққа әділетті тергеу ісі жүргізілгені керек екені және түрлі адамның тарапынан түсініксіз жағдайлар бола қалса үнсіз қалмайтынын атап өтті.

Аружан Саин өзінің Facebook парақшасында сәуір айының басында 7 жастағы баланың анасы белгісіз жағдайға байланысты заңгер Бауыржан Азановтың қызметінен бас тартқанын хабарлағанын жеткізді.

«Заңгер Бауыржан Азановтың қызметінен бас тартқаны туралы хабар оған пошта арқылы ресми түрде жеткізілді және тергеушіге өтініш берілді. Осыдан кейін Бауыржан Азанов тергеу ісіне араласпады, бізбен байланысқа шықпады. Ол өзінің бұрынғы сенім білдірушісіне нұқсан келтіретін ақпаратты жариялауға құқығы жоқ» деп жазды Аружан Саин.

Ол анасының мұндай шешімге неліктен келгенін жаза алмайтыны және дәл сол секілді  Бауыржан Азанов та бұрынғы сенім білдірушісіне қатысты ақпарат жариялауға құқығы жоқ екенін айтады.  

«Баланың анасы маған хабарласты. Ол Бауыржан Азановтың 7 жастағы баланың адвокаты емес екенін халықтан жасырғанына таңғалғанын айтады. Заңгер сәуірдің басынан бастап бірде бір тергеу ісіне қатысқан жоқ. Әдейі халықты адастырды.

Біз ҚР Бас прокуратурасына осы жағдайға байланысты мәлімдеме жасауды сұраймыз. Себебі тергеу ісі жабық режимде өтіп жатыр. Сондықтан біз аталмыш іске қатысты ешқандай түсініктеме бере алмаймыз. Осы себеппен біз оның 7 жастағы баланың адвокаты емес екенін хабарламаған едік» деп жазды Аружан Саин.

Ол халыққа әділетті тергеу ісі жүргізілгені керек екені және түрлі адамның тарапынан түсініксіз жағдайлар бола қалса үнсіз қалмайтынын да атап өтті.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір