• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:54:31
Алматы
+35°

19 Мамыр, 2018 Аймақтар

ARTиШОК театры Шүкеновтің әніне қойылатын спектакльге әртістер іздеуде

ARTиШОК театры Батырхан Шүкеновтің шығармасы желісмен сахналанатын спектакльдің қосалқы рөлдеріне әртістер іздеп жатыр

ARTиШОК театры Батырхан Шүкеновтің шығармасы желісмен сахналанатын спектакльдің қосалқы рөлдеріне әртістер іздеп жатыр.

Театрдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кастинг төрешілері құрамында  аталған  театр режиссері Галина Пьянова, Украинадан келген хореограф Анатолий Фролов,  театр продюсері Анастасия Тарасова, кино және театр актері Шыңғыс Қапин  және музыкант Ғалымжан Молданазар бар. 

«Батырханның әні  желісіндегі қойылым сахналанады. Мюзиклді жарыққа шығару үшін  қосымша алаң керек еді. Бұдан бір жыл бұрын  жобаның концепсиясын жасадық. Бауыржан Шүкеновпен кездесіп, хореграф іздей бастадық. Енді командамызды толықтырып жатырмыз.  Әлбетте, бұл «қиялдағы команда» болу тиіс. Кастингтің жүргізілу сипатының өзі Қазақстандықтар үшін таңсық жағдай болмақ.  Себебі біздің елде  кәсіби бәсекелестік дамымаған. Көбі  артымызда тіреуіміз болмаса, ешкімге керек  емеспіз деп ойлайды.  Осы стереотипті бұзғымыз келеді»-деді  театр продюсері Анастасия Тарасова.

Театрдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, өзін актерлік қырынан танытқысы  келетіндер анкета толтырып, фотосуретімен қоса,   [email protected] почтасына жолдай алады.

Батырхан Шүкеновтің  әніне  қойылатын спектакль биыл қыркүйек айына жоспарлауда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір