• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:28:03
+35°

14 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

"АрселорМиттал Теміртау" басшылығы кеншілерді шахтадан шығуға шақырды

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының бас директоры Парамжит Калон "шахта жұмысын тоқтатып, жер астында рұқсатсыз отыруын доғаруды талап етті.

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының бас директоры Парамжит Калон "шахта жұмысын тоқтатып, жер астында рұқсатсыз отыру - мәселені шешпейтінін" айтып, ереуілдеп жатқан кеншілерді шахтадан шығуға шақырды деп Азаттыққа сүйене отырып жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Компания мен Қарағанды облыстық әкімдігінің хабарлауынша, 13 желтоқсанда Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев пен Лакшми Миттал телефонмен сөйлескен. "Жергілікті билік органдарының қатысуымен бірлесе жұмыс істеп, диалогты жалғастыру керек. Бірақ ол диалог сіздер [шахтадан - ред] жер бетіне шыққан кезде ғана болады.

Осынша уақыт жер астында отыру өте қауіпті және денсаулықтарыңызға кері әсер етеді. Сіздерді бірлесіп, таяу уақытта оңтайлы шешім табуға шақырамын" делінген "АрселорМиттал Теміртаудың" бас директоры Парамжит Калонның кеншілерге үндеуінде. Қарағанды облысы әкімдігінің мәліметінше, 11 желтоқсанда түнгі ауысымнан соң шахтадан шығуға бас тартқан 600-ден астам кенші әлі жер астында отыр.

Әкімдіктің хабарлауына қарағанда, бастамашыл топ өкілдерімен кеше өткен кездесуде "АрселорМиттал Теміртау" басшысы компания кеншілер өкілдерімен шахталардағы барлық кеншілер таяу уақытта жер бетіне шыққан жағдайда ғана келіссөз бастауға даяр екенін айтты. "Бұл талап орындалған жағдайда жұмыс беруше қандай да бір жазалаудың болмайтынына кепілдік береді" деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. Кейбір ақпараттар бойынша, бастамашыл топ осы кездесуден кейін жер астындағы кеншілермен сөйлесу үшін шахталарға кеткен. Кеншілердің келіссөз жүргізу үшін жер бетіне шығуға келіскенін, я келіспегенін білу әзірге мүмкін болмай тұр. Жүздеген кенші төрт тәуліктен астам уақыт жер астында отыр.

Кеншілердің мәліметінше, "АрселорМиттал Теміртаудың" төрт шахтасында 700-ден астам адам ереуілдеп тұр. Жер бетіне шығудан бас тартқан кеншілер бірнеше талап қойып отыр. Олардың ең бастылары - жалақыны 100 пайызға көбейту, зейнеткерлікке 50 жастан шығару, еңбекке жарамсыздық парағы бойынша төлемді 100 пайызға дейін толық төлеу, 2017 жылдың "13-ай жалақысын" төлеу. 

"АрселорМиттал Теміртау" - Қарағанды металлургиялық комбинаты Қарағанды көмір бассейнінің шахталарына ие болат құю және тау-кен қызметімен айналысатын компания. Ол Үндістаннан шыққан британдық бизнесмен Лакшми Митталға тиесілі трансұлттық "АрселорМиттал" металлургиялық тобы құрамына кіреді. "АрселорМиттал Теміртау" құрамында құрыш, көмір, болат құю және құбыр департаменттері бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір