• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 03:44:03
Алматы
+35°

24 Сәуір, 2018

Армения президенті елдегі наразылыққа байланысты ойын білдірді

Ереванда 13 сәуірден бастап Серж Саргсянның Үкімет басшысы қызметіне келгеніне байланысты наразылық акциясы өтті.

Армениядағы тәртіпсіздіктерге халықтың болашаққа деген сенімсіздік пен қанағаттану сезімінің жоқтығы және  әлеуметтік қиындықтардың болуы түрткі болды, - деп мәлімдеді Армения  президенті Армен Саркисян.

Сонымен қатар ел президенті Серж Саргасянның премьер-министр қызметінен кеткенін бағалайтынын жеткізді. Ол шешімі елдегі қақтығыстардың алдын алған.

Ереванда 13 сәуірден бастап  Серж Саргсянның Үкімет басшысы  қызметіне келгеніне байланысты наразылық акциясы өтті.

Серж Саргсян 2008-2018 жылдарға дейін Армения президенті болған. Осы уақытта ол Конституцияға өзгерістер енгізіп, премьер-министр өкілеттігін кеңейткен. 17 сәуірде президенттік өкілеттігі аяқталғаннан кейін, наразылыққа қарамастан үкімет тізгінін қолына алған.

23 сәуірде Арменияда он шақты күнге созылған оппозиция шеруінен соң премьер-министр Серж Саргсян отставкаға кетті. Бұдан сәл бұрын жексенбі ұсталған наразылық жетекшісі Никол Пашинян қамаудан босатылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір