• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:14:59
Алматы
+35°

27 Мамыр, 2018 NEWS

Ардагер ұшқыш Air Astana ұшағының апаттық жағдайда қону себептерін айтты

Air Astana-ның жұмыс істеп жатқанына қаншама уақыт болды, біз әлі мамандарды сырттан әкелеміз

Air Astana ұшағының апаттық жағдайда қонуының себептерін  "Қазақстан әуе жолы" ұлттық әуе компаниясының бірінші президенті Амантай Жолдыбаев айтты. Бұл туралы экономикалық шолушы Денис Кривошеев өзінің Facebook-тегі парақшасына жазыпты.

Еске салсақ, 22 мамырда Шымкенттен шыққан КС352 рейсі Астанада қолайсыз ауа райында  апаттық жағдайда қонған. Ұшақ әзірге анықталмаған себептерден, жолақ пен магистарлды жол арасына түсіп, өз жолындағы белгілерді басып өткен. Қуанышқа орай, ешкім зардап шекпеді. Мәліметтерге қарағанда, ұшқыш шетелдік әйел болған.

Амантай Жолдыбаевтың айтуынша, диспетчерлік қызмет те, қызметкерлер де барлығын дұрыс орындаған. Қазгидромет те ауа райына қатысты мәліметтерді дұрыс беріп отырған. Қауіп туралы алдын ала ескертілген. 

"Астана әуежайының жолағы қалыпты жағдайда. Менің ойымша, ұшақтың жолақтан шығып кетуінің себебі —тәртіпсіздік пен ұшақ командирінің, экипаждың ұшақтың дұрыс қонбауы жағдайларына немқұрайлы қарауынан болды. Шеткі жолаққа шығып кету деген өте қауіпті. Олар жауынды ауа райы болғандықтан, дымқыл жерге кіріп кетуі мүмкін еді. Осы жерде тіпті өрт болуы да мүмкін еді",-дейді ол.

А.Жолдыбаевтың айтуынша, ұшақ командирі екінші айналым жасауы керек еді. 200 шақырым жерде Қарағанды әуежайы бар. Бұл жерде командир авиациялық тәртіпті құрметтемей отыр. Алайда бұл талаптар, былайша айтқанда "қанмен" жазылған. Ондағы әрбір тарма қауіпті апаттардан кейін жазылған. Мұнда қанша адамдардың өмірлері тәуекелге тігулі!

"Баяғыда шетелден маманарды алдыртқанда, олардың әрқайсысын жоғарғы аттестациялық комиссияда қарайтынбыз. Қазір бұл орган жабылған. Ол уақытта шақырылған мамандардан 500 сағаттан кем емес тәжірибе талап етілетін. Егер ұшақ командирін шақырсақ, онда ол А320 сияқты ұшақтарда 500 cағаттан кем ұшпаған болуы тиіс еді. Екінші ұшқышқа да осындай талаптар қойылатын. Air Astana-ның жұмыс істеп жатқанына қаншама уақыт болды, біз әлі мамандарды сырттан әкелеміз",-дейді  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір