• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:12:08
+35°

09 Шілде, 2018 NEWS

Әрбір оныншы қазақстандықты шетелге шығармауы мүмкін

Салық төлемегендердің аты-жөні арнайы базаға енгізілген.

Салықты төлемегені үшін әрбір оныншы қазақстандық елден шыға алмай қалуы мүмкін, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана қаласының мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Департаменттің мәліметінше, Астанада 70 мыңнан астам азамат салық пен айыппұл төлемей отыр.

Астана қаласы Сарыарқа ауданы бойынша салық төлемеген 1000  адам шетелге шыға алмай қалған.

Мамандар азаматтарға шетелге шықпас бұрын қарыз бар, жоғын тексеріп, ҚР салық заңнамасының бұзылмауын қадағалауға кеңес береді.  

Салық төлемегендердің аты-жөні арнайы базаға енгізілген.

Мойныңызда қарыз бар, жоғын мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтынан www.kgd.gov.kz немесе Астана қаласы, Республика алаңы 52 мекен-жайында орналасқан Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасынан біле аласыздар. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір