• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 16:48:05
Алматы
+35°

16 Сәуір, 2018 Аймақтар

Әр елдің азаматтарының елімізге келу және тіркелу рәсімі әр түрлі - Қасымов

Соңғы жылдары біз шетел азаматтарын тіркеу рәсімі біршама жеңілдетілді

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов бүгінгі Үкімет сағатында шетел азаматтарының елімізде тіркелу және виза алу мәселесіне қатысты тоқатлып өтті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, әр мемлекет азаматтарының елімізге келу және тіркелу рәсімі әр түрлі

"Қазақстанға кіру үшін олардың көбіне виза керек. Жалпы азаматтық паспортпен визасыз кіруге қатысты 19 мемлекетпен келісім жасалған. Олардың қатарында Еуразия экономикалық одағының елдері де бар. 45 елдің азаматтары осы күнге дейін виза рәсімінен тіркелуден босатылған. 2016 жылдан бастап қытай азаматтарының Қазақстанға топтық туристік сапарын жеңілдету туралы меморандум күшіне енді", - дейді министр.

Айта кетсек, шетелдік инвесторлар үшін елімізде ерекше жағдайлар жасалынған екен. Министрдің дерегінше, инвесторлық виза үш жылға беріледі, оларға біздің көші-қон қызметіне тіркелу талап етілмейді.

"Соңғы жылдары біз шетел азаматтарын тіркеу рәсімін біршама жеңілдеттік. Экономикасы дамыған және саясаты тұрақты 56 елдің азаматтары шекарадан өткен бойда кеден қызметіне тіркеле алады. Бұл оларды миграция қызметіне келіп тіркелуден босатады. ЕЭО мен Тәжікстан елдерінің азаматтары ерекше мәртебеге ие, олар шекарадан өткеннен бастап отыз күнге дейін тіркелуден босатылады. ЕЭО елдерінің азаматтарына біздің елде жұмыс жасау үшін рұқсат керек емес. Өткен жылдан бастап шетел азаматтарын қабылдайтын барлық заңды және жеке тұлғалар оларды электрондық үкіметтік портал арқылы тіркеуге мүмкіндік алды", - деп атап өтті Қасымов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір