• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:43:24
Алматы
+35°

03 Шілде, 2018 Аймақтар

Ақжайықта Bilimbook компьютер-трансформерлер қолданысқа енгізілмек

Мұнда 198 орындық мектеп ғимаратының құрылысы толық аяқталды

БҚО-ның  Ақжайық ауданына қарасты Шабдаржап мектебінің  оқушылары жаңа оқу жылында Bilimbook компьютер-трансформерлерін пайдаланатын болады. Шабдаржап ауылы – Орал қаласынан  300 шақырым жерде, Атырау облысының шекарасында жатқан шалғай елді мекен. Мұнда 198 орындық мектеп ғимаратының құрылысы толық аяқталып, жаңа оқу жылына шәкірт қабылдауға сақадай сай.

- Астананың тойы, Елорданың 20 жылдығы – бүкіл қазақстандықтардың ортақ қуанышы. Дәл осы күні Орал қаласынан шалғай жатқан шағын ауылда осындай заманауи мектеп ғимараты пайдалануға берілуі тегін емес. Еліміздегі тыныштықтың, экономикалық дамудың, Елбасы саясатының нақты жемісінің бір көрінісі – осы, - деді облыс әкімі Алтай Көлгінов тұрғындармен кездесуде.

- Соңғы жылдары мұнда жыл сайын 2-3 үй жаңадан салынады екен. Биыл ауыл кәсіпкері Талғат Мұхамедияровтың бастауымен ауыл ішінде жазғы техникалық су жүйесін жүргізді. Бұл дегеніңіз – әр аулада бау-бақша өсіруге керемет мүмкіндік. Қазір ауылда 745 адам тұрады. Өткен оқу жылында мектепте 154 оқушы болған еді. Биыл күзде жаңа мектепке 165 оқушы келгелі отыр, - деді Тайпақ ауылының әкімі Болат Байғалиұлы.
Сонымен қатар, жұмыс сапарымен келген өңір басшысына Ақжайық ауданында мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы есеп берілді. Аудан әкімі Әділ Жоламановтың айтуынша, Шабдаржап және Томпақ ауылдарына ауыз су құбырын тарту жұмыстары басталды, бұл жобаға 445,7 млн.теңге қарастырылды. Нәтижесінде екі ауылдың 1000-нан астам тұрғыны таза ауыз сумен қамтылатын болады. Сондай-ақ, ауданның 14 елді-мекенінде ауыз сумен қамту жұмыстары жүргізілуде. Оған қоса, солтүстік-батыс аймағында элект желісімен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Аудан орталығында 3 қабатты 24 пәтерлік тұрғын үй құрылысы, ағымдағы жылы 4000 астам шаршы метр үй салу туралы баяндалды. 
Сапар соңында өңір басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін жақсарту бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір