• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 14:36:23
Алматы
+35°

13 Қараша, 2017 NEWS

Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша жаңа деректер шықты

Ақжарқынның қорғаушысы мен ҚР СІМ Қытайдан Қазақстан азаматтарын қайтару туралы халықаралық келісімнің тармақтарын пайдаланбақ

Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша соңғы сот үкімі 2017 жылдың аяғына дейін шығады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Бұл туралы Ақжарқынның қорғаушысы Сұңқар Нұрмағамбетов мәлім етті.

«Сот процесі 2017 жылдың соңына дейін жалғасуы мүмкін. Осы уақытта Ақжарқын Тұрлыбайға үкім шығады. Сот үкімі Ақжарқын пайдасына болады деп үміттенеміз. ҚР СІМ біріге отырып Ақжарқынның анасына виза жасау мәселесін шештік. Министрліктің арқасында Ақжарқынның анасы 1 жыл бойы Қытайға кедергісіз кіріп шыға алатын болды», - деді Сұңқар Нұрмағамбетов.

Ақжарқынның қорғаушысы мен ҚР СІМ Қытайдан Қазақстан азаматтарын қайтару туралы халықаралық келісімнің тармақтарын пайдаланбақ.

Айта кету керек, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурызында Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Қыздың сөмкесінен 4,5 келі амфетамин табылған.

Анасының айтуынша, киім сатып алуға кеткен Ақжарқынға біреулер есірткі салып жіберген.

2016 жылдың 2 қарашасынан бастап ҚХР Гуандун провинциясының соты Ақжарқын ісін қайта қарап жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір