• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 19:30:18
Алматы
+35°

19 Шілде, 2018 NEWS

Адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты қажет болса Қытайға баратынын айтты. Заңгер Ақжарқынмен жеке кездесуге тырысып көрмек. Оның айтуынша, әзірше соттың қашан өтетіні белгісіз. Уақыт әлі белгіленбеген.
- Қытайда тергеу изоляторында жатқан отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты біздің позициямыз бұрынғыдай - Ақжарқын кінәсіз. Сотта соны дәлелдеуге тырысамыз. Ал соттың қандай шешім шығару мүмкін екенін болжап та айта алмаймын.
Бұған дейін Қытайдағы қазақстандық дипломаттар Ақжарқын Тұрлыбайдың жағдайын білу үшін тергеу изоляторына барып тұратыны айтылды. ҚР СІМ отандасымыздың денсаулығы тұрақты екені хабарланған.
Еске сала кетейік, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанчжоу әуежайында 4,5 келі есірткімен әуежайда ұсталған. Қытайлық сот бұл қылмыс үшін қызды өмір бойына бас бостандығынан айырған. 2016 жылы аппелляциялық инстанция соты Ақжарқынға қатысты өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасынан бас тартып, оның ісін бірінші инстанция сотына жіберген. Бірінші инстанция сотында А.Тұрлыбайдың ісі қайта қаралды. Қазіргі уақытта Ақжарқын Тұрлыбай тергеу абақтысында сот үкімін күтіп отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір