• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 06:45:26
Алматы
+35°

14 Наурыз, 2018 Аймақтар

Ақтөбелік құтқарушылар тасқыннан зардап шеккен өңірлерге көмектесуге дайын

Ақтөбе облысындағы жағдай ушыққан кезде басқа өңірлерден 227 адамы бар жеке құрам, 35 бірлік техника мен 12 жүзу құралы мөлшерінде көмек келеді деп күтілуде.

Ақтөбе облысының ТЖД бастығы Бауыржан Сыздықов қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы айтты. Ақтөбе су қоймасындағы №1 құтқару станциясына барған кезде өңірдің бас құтқарушысы 181 Ақтөбе облысының Азаматтық қорғау қызметі құрылғанын атап өтті.

«Көрші облыстарда: БҚО, Қостанай және Қызылорда облыстарында ахуал күрделенген кезде Департамент бөлімшесі көмек көрсетуге дайын. Ол үшін жеке құрамның 28 адамы, 8 бірлік техника мен 3 қайық дайындалды», - деп айтты Ақтөбе облысының ТЖД бастығы.

Ақтөбе облысындағы жағдай ушыққан кезде басқа өңірлерден 227 адамы бар жеке құрам, 35 бірлік техника мен 12 жүзу құралы мөлшерінде көмек келеді деп күтілуде.

«Күштердің келуі бірінші эшалон 102 адам, 15 бірлік техника мен 6 жүзу құралы, екінші эшалон жеке құрамы 125 адам  20 бірлік техника және 6 жүзу құралы мөлшерінде болатын екі эшалонмен іске асырылады»,- деп сөзін жалғастырды Бауыржан Сыздықов.

Сондай-ақ, ол 181 құрылымда жеке құрамы 2177 адам екенін, олар 584 бірлік техникамен, соның ішінде, 200 бірлік су айдайтын техникамен, 149 мотопомпамен және 105 моторлы қайықпен жабдықталған.

«Одан басқа ҚР ІІМ бұйрығына сәйкес 346 адам мен 45 бірлік техника көлемінде қосымша күштер мен құралдар тарту көзделген. Ішкі істер департаментінен 286 адам, 41 бірлік техника және Ұлттық ұланның 6655 әскери бөлімінен 60 адам, 4 бірлік техника күтілуде», - деп толықтырды Ақтөбе облысының ТЖД бастығы.

Бұдан бұрын Ақтөбе облысының су басуы мүмкін аймағына 43 елді-мекен кіретіні, онда 12580 адам тұратыны айтылған болатын. Олар үшін жалпы сыйымдылығы 14797 адам болатын 90 уақытша орналастыру пункттері алдын-ала белгіленді. Азық-түлікпен, ыстық тамақпен және киіммен үздіксіз қамтамасыз ету бойынша 157 шарт жасалды. 82 шатыр, 3 мыңнан астам кереует, 300 мыңнан астам төсек жабдықтары дайындалды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір