• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:48:53
Алматы
+35°

19 Сәуір, 2018 NEWS

Ақтөбедегі мектепте қайтыс болған қызға қатысты дәрігер түсініктеме берді

Мұғалімдердің «жедел жәрдемге 18 рет хабарласып, келмеген соң жедел жәрдем көлігін жолдан тоқтатып алдық» деген деректерін жоққа шығарды.

Дильназ Әбішеваның өлімінің нақты себебі 27 сәуірде белгілі болады.

Ақтөбеде сабақ үстінде жағдайы нашарлап қайтыс болған 5-сынып оқушысына қатысты дәрігерлер түсініктеме берді.

«Оқиға 10 сәуірде болды. 11 жастағы қыздың сабақ үстінде нашарлап кеткен. «Қыз есінен танып қалды» деп жедел жәрдем шақырылды. Стандартқа сәйкес есінен тану шақырудың екінші категориясына жатады әрі жедел жәрдем 15 минутта жетуі тиіс. Оқиға орнына жедел жәрдем көлік 14 минутта жетті. Алайда қыз ол уақытқа дейін көз жұмған», - деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Есенаманова.

Есенаманованың айтуынша, жедел жәрдем жетпес бұрын алғашқы көмек көрсету курсынан өткен медбике кардиомедициналық көмек көрсеткен. Сол уақытта жеткен медбикелер де қыздың өмірі үшін жанталасады, алайда нәтижесіз болды.

«Медициналық экспертизаның алдын ала диагнозы бойынша, қыздың жүрегі тоқтап қалған. Мұндай жағдайлар үлкендермен қоса балалар арасында да жылына бір-екі рет болып тұрады. Қыздың дені сау болған, жүрек талмасы да болмаған. Көктемде өткен медициналық тексеру кезінде де денсаулығы қалыпты болды», - деді басқарма басшысының орынбасары.

Бұған қоса мұғалімдердің «жедел жәрдемге 18 рет хабарласып, келмеген соң жедел жәрдем көлігін жолдан тоқтатып алдық» деген деректерін жоққа шығарды.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір