• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:14:24
Алматы
+35°

17 Шілде, 2018 NEWS

Ақтөбеде халықтың 85%-ы медициналық электронды төлқұжатқа көшірілді

Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді

Ақтөбе облысында бүгінге дейін тұрғындардың 85%-ы электронды медициналық төлқұжатқа көшірілді. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі digitalkz.kz сайтына сілтеме жасап

Облыс басшысының айтуы бойынша өңірде цифрландыру саласы қарқынды түрде жүзеге асырылу үстінде, қазіргі кезде дәрігерлердің есеп беру формаларының 38-і электронды формаға көшкенін, ал қалған 67-сі жыл соңына дейін көшірілетінін атап өтті.

«Барлығы 35 индикатордың 30-ы қазіргі таңда орындалды, оның 5-де төмендеу бар бұл бойынша біз министрлікпенен жұмыстар жүргізудеміз. Олардың ішінде қатерлі ісік, ана мен баланың өлімі, жедел жәрдем жөнінен төмендеу орын алған болатын бұл жөнінде түзетілу жұмыстары атқарылуда. Облыста дәрі дәрімекпен ешқандай мәселе жоқ ол жөнінен тиісті қорларымыз жеткілікті», - деді Б. Сапарбаев.

Сондай-ақ, кадрлармен қамтамасыз ету жөнінен қазір аталмыш облыста 77 маман жетіспейді. Батыс қазақстан өңірлік университетіменен келісім шарт бойынша, осы жылы 66 маман облыста қызмет жолын бастағалы отыр.

«Денсаулық сақтау саласын компьютермен жабдықтау 90%-ға орындалып отыр, қосымша 280 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінді, жылдың аяғына дейін медицина саласы толықтай компьютерлермен жабдықталатын болады», – деді облыс әкімі.

Ауруханалардағы кезектердің азаюы, дәрігерлердің қағазбастылықтан арылып, науқастарға көп көңіл бөлуі өңірде медицинаны цифрландырудың біршама оңды тұстары екенін облыс басшысы айтып кетті.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе облысында қазіргі кезде шалғай ауылдарға интернет желісін жеткізу жұмысы жүріп жатыр. Әзірге аудан орталығынан алыста орналасқан дәрігерлік, фельдшерлік амбулаторияларда, медициналық пункттерде интернет жоқ. Осы олқылықтың орнын толтырып, жыл соңына дейін облыстағы барлық медициналық мекемелерді компьютермен қамтамасыз етіп, интернетке қосу жоспарланып отыр.

Бұдан өзге, ағымдағы жылы бірыңғай облыстық ситуациялық орталық құру жоспарланған. Мұнда медициналық мекемелердің ауру-сырқау, туу және т.б. бойынша ақпаратты күнделікті түсіп отыратын болады. Аталмыш жүйені енгізу қағазсыз технологияны қамтамасыз етуге, электронды денсаулық төлқұжатын құруға, емделушінің маршрутын оңтайландыруға мүмкіндік береді деп күтілуде. Бұл тұрғындарға көрсетілетін қызметтер сапасын жақсартпақ.

Айта кетелік, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «ақылды қалалардың» типтік тұжырымдамасы вице-премьер министр Асқар Жұмағалиевтің бастамасымен Ақпарат және коммуникациялар министрлігі және «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингімен жүзеге асырылуда.   

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір