• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:49:10
Алматы
+35°

19 Мамыр, 2018 NEWS

Ақтөбеде түн ортасында Мирзоян ескерткішін алып тастады

Ескерткіш бұрынғы Мирзоян көшесінің бойында 1997 жылдан бері тұрған.

Мамырдың 17-сінен 18-іне қараған түні Ақтөбеде Левон Мирзоян ескерткіші алынып тасталды. Ақтөбе қаласының бас сәулетшісі Таңат Шегебаев «идеологиялық тұрғыдан ескірген ескерткіштің мүлдем жойылмайтынын, тек орны ауысқанын» айтады. Бұл туралы Азаттық хабарлады.

Бас сәулетшінің айтуынша, тұңғыш президент атындағы орталық саябақтың бір бұрышында тарихи зона жасалмақшы. Идеологиялық тұрғыдан ескірген ескерткіштер – Ленин, Фрунзе, Мирзоян ескерткіштері сол жерге ауыстырылады.

Ескерткіш бұрынғы Мирзоян көшесінің бойында 1997 жылдан бері тұрған.

Совет үкіметі тұсында Қазақстанды басқарып, ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған Мирзоянның ескерткіштерін алып тастап, Қазақстан қалаларындағы Мирзоян атындағы көшелердің атын ауыстыруды қоғам белсенділері бірнеше жылдан бері талап етіп келеді. Осыған орай сәуірде Ақтөбедегі дәл осы ескерткіш тұрған Левон Мирзоян көшесінің аты ауыстырылып, Әлихан Бөкейхан есімі берілген. 2015 жылы Астана қаласындағы Левон Мирзоян көшесіне Қаныш Сәтбаевтың аты берілген. Ал қоғам белсенділері қанша шуласқанымен нәтиже шықпаған Алматы қаласында Мирзоян атындағы көше әлі бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір