• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 02:55:33
Алматы
+35°

19 Сәуір, 2018 NEWS

Ақтөбеде сабақ уақытында 5-сынып оқушысы қайтыс болды

Мұғалімдер жедел жәрдемге 18 мәрте хабарласқан, алайда дәрігерлер келмеді.

Ақтөбедегі №38 мектепте 5-сынып оқушысы Дильназ Әбішева көз жұмды. Оқушы қыздың жағдайы сабақ үстінде нашарлай бастаған. Мұғалімдер жедел жәрдемге 18 мәрте хабарласқан, алайда дәрігерлер келмеді. Ауруханаға жеткен бойда қыз жан тапсырды. Бұл туралы «Диапазон» жазды.

Қайғылы оқиға болған күні қыз бала әдеттегідей мектепке жиналған. Циркке бару үшін ата-анасынан ақша сұрап алды. Келесі күні үйге қыздың өлі денесі қайтты.

«Бұл оқиға күннің екінші жартысында болды. Бесінші сабақта қыздың жағдайы нашарлай бастады. Жедел жәрдемге 18 рет хабарластық. Келмегендіктен, мұғалімдер көшеге шығып, көлікті өздері тоқтатты. Бірақ қыздан айырылып қалдық. Ол бұған дейін де ауырған екен. Үйінде де есінен танып құлапты. Мұндай жағдай сыныпта да болды. Дәрігер оған шай мен су беріп, үйіне жіберген. Гемоглабині төмендеген екен, жүрек талмасы ұстап қалатын. Біз ата-анасына көңі айтып, материалдық тұрғыдан көмек көрсеттік. Өте өкінішті. Дильназ салмақты қыз болатын, сабағын да жақсы оқыды», - деді оқу ісінің меңгерушісі Бимаш Тілеубергенова.

Алдын ала деректер бойынша, қыздың жүрегі тоқтап қалған. Алайда анасы Дильназдың ауруға ешқашан шағымданбағанын айтады.

Дильназ Ақтөбе

«Дильназ әкесін емдегенді жақсы көретін. Дәрігер болуды армандады. Ол ауырған жоқ. Денсаулығында ақау болмаған. Дәрігерлердің өзі түсіне алмады. Сараптама нәтижелері де қыздың органдары қалыпты екенін көрсетіп отыр. Аяқ астынан жүрегі тоқтап қалған. Нақты себебітек бір айдан кейін біле аламыз. Анализдерін Алматыға жібердік. Сол күні Дильназдың мұғалімі хабарласып, қызымның жағдайы нашарлап жатқанын айтты. Жұмыстан бірден мектепке аттандым. Балалардың бәрі сыртта тұрды. Дильназ сынып ішіндегі партада жатты. Менің көзімше медбикелер қыздың өмірімен арпалысып жатты. Қызым тыныс алғанда қатты қуанған едім. Бірақ ауруханада қайтыс болғанын айтты. Кеш жеткізген екенбіз», - деді қыздың анасы Зәуреш.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір