• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:06:12
Алматы
+35°

18 Қаңтар, 2018 NEWS

Ақтөбеде өртенген автобус төбелестің кесірінен жанып кеткен

52 адам қаза тапқан автобустағы өрт апаты төбелестің кесірінен жанып кеткен болуы мүмкін.

52 адам қаза тапқан автобустағы өрт апаты төбелестің кесірінен жанып кеткен болуы мүмкін. Арадағы келіспеушіліктер кезінде жұмысшылардың бірі жанармай толы бөтелкені дәнекерлеу лампасына теуіп жіберген.

Қазақстанның батысында орын алған апат жолаушылардың арасындағы төбелестің кесірінен орын алуы мүмкін екендігін ren.tv-ге сүйене отырып жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға куәгерлерінің біріне сүйенсек, Ikarus ішіндегі жолаушылардың бірнешеуі дәнекерлеуші лампаның көмегімен жылынып отырған. Олардың арасында пайда болған ұрыс-керіс кезінде жұмысшылардың бірі бензин толы бөтелкені дәнекерлеуші лампаға қарай теуіп жіберген.

Автобустың тым тез отқа орануы себепті жолаушылардың аман қалуына мүмкіндік болмаған. Қайғылы оқиға нәтижесінде 52 адам жан тапсырды.

Төтенше жағдайлар қызметінің алдын ала берген мәліметіне сүйенсек, автобустағы сымдардың қысқа матасуы орын алып, есіктер бұғатталған. Өрттен тек 5 адам ғана сытылып шыққан, оның ішінде екі көлік жүргізушісі бар. Олар Қазақстан азаматтары.

Бұл сапар арқылы Ресейге Өзбекстан жұмысшылары тасымалдану үстінде болған. Өрттен құтылған бесеуі тек жеңіл күйік жарақаттарын алған және олармен медицина қызметкерлері мен психологтар жұмыс істеуде.

Белгілі болғандай, автобустың іші шамадан тыс толы болған. Салонның іші соншалықты тар болғандықтан, адамдар бірден өрттен құтылудың жолын таппаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір