• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 09:55:11
Алматы
+35°

21 Наурыз, 2018 Денсаулық

Ақтөбеде Наурыз мейрамына орай дәрігерлік амбулатория ашылды

Медициналық мекеме мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асырылған кезекті әлеуметтік маңызы бар жоба болып табылады.

21 наурыз, сәрсенбіде Ақтөбе қаласына қарасты Сазды ауылдық округінде Наурыз мейрамы қарсаңында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Медициналық мекеме мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асырылған кезекті әлеуметтік маңызы бар жоба болып табылады.

Салтанатты шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, өткен 26 жылдың ішінде елімізде халық денсаулығын жақсарту және денсаулық саласын дамытудың ауқымды жұмыстары жүргізілді. Тек Ақтөбе облысының өзінде соңғы жылдары ондаған медициналық мекеме ашылып, медициналық кластер құрылды. Біздің мақсатымыз – ақтөбеліктер барлық қажетті медициналық қызметті облыстан шықпай-ақ, жоғары сапалы деңгейде алу үшін жағдай жасау,-деді өзінің құттықтау сөзінде өңір басшысы.

Облыс әкімі сондай-ақ, ақтөбеліктерді Наурыз мерекесімен құттықтап, оларға отбасы амандығын тіледі.

Ақтөбе

Жобаның жүзеге асыру құны - 83 млн. теңге. Ғимараттың алаңы шамамен 400 шаршы метр, инфекциялық ауруханаға қарай арнайы жол бар. Медициналық мекеме Бауырластар–1 және Бауырластар–2 шағын аудандарында тұратын 3 мыңдай адамға қызмет көрсетпек. Жоспарлы қуаттылығы – бір ауысымда елу адамды қабылдау.

Жаңа амбулаторияда ауыл тұрғындары зертханалық зерттеулердің стандартты жиынтығын, стомотологиялық көмек, физиотерапиялық және процедуралық кабинеттердің қызметін, күндізгі стационар жағдайындағы ем алу қызметтерін алады. Амбулатория штаты қажет мамандармен жасақталған. Жалпы дәрігерлік тәжірибе және педиаторлық участок секілді екі учаскесі бар. Келешекте тар шеңберлі мамандар қызмет көрсетеді деп жоспарлануда.

Айта кетейік, мереке күндері облыста тағы төрт медициналық мекеме пайдалануға берілмек. Атап айтқанда, Ақшат, Украинка, Магажан ауылдары мен К.Нокин атындағы кентте дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік-амбулаториялық пункттер алғашқы науқастарын қабылдайды.

Былтыр ауылдық елді мекендерде МЖС аясында салынған 21 медициналық нысанның құрылысы басталған болатын. Олардың дені қазірдің өзінде іске қосылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір