• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 19:47:59
Алматы
+35°

18 Қаңтар, 2018 NEWS

Ақтөбе облысында автобустағы өрттен зардап шеккендердің аты-жөні белгілі болды, қазір оларды Ақтөбеге апара жатыр, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Олардың арасында үш жүргізуші, Қазақстан азаматтары – 1985 жылы туған Мақсат Пернебек, 1968 жылы туған Нұржан Қырғызбаев, 1978 жылы туған Барат Таңатаров бар. Олардың барлығы Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны. Қалған екеуі  Өзбекстан азаматы – 1988 жылы туған Ахрор Исаков және 1980 Исроилджан  Мырзахметов.   

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы емдеу бөлімінің жетекшісі  Әсия Тржанова үш адамның дін аман екенін, ал екі адамды жеңіл күйік шалғанын мәлімдеді.   

Айта кетейік, «Самара-Ташкент» тас жолында автобус өртеніп, 52 адам тірідей жанып кеткен.

«2018 жылдың 18 қаңтарында таңғы сағат 10:30-дар шамасында Самара-Шымкент автожолының 1068-ші шақырымында, Қалыбай аулына 10 шақырым жерде Ikarus автобусы жанып кеткен. Көлік ішінде 55 жолаушы және 2 жүргізуші болған. Олардың азаматтығы анықталып жатыр», - деген еді ҚР Төтенше жағдайлар Комитетінің ІІМ өкілі Руслан Иманқұлов.

Бірнеше уақыттан кейін апат болған орыннан видео жарияланды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір