• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 06:03:47
Алматы
+35°

15 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

Ақтөбеде 255 пәтер мен 80 коттедж пайдалануға берілді

Құрылыс жұмыстары «Нұрлы жер» бағдарламасымен жүргізілген.

Ақтөбеде «Нұрлы жер» бағдарламасымен коттедждер пайдалануға берілді. Бүгін барлығы 200-ден астам адам баспаналы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақтөбе қаласында бүгін 255 пәтер мен 80 коттедж иесін тапты.

«Нұр Ақтөбе» ықшам ауданында салынған баспананың бәрі «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы сатылды. Яғни, баспана алуды жоспарлаған адам жер кезегінде тұруы міндетті. Егер жер телімін алу кезегінде болса, банк есепшотындағы жиған қаржы пәтер құнының 30 пайызына жетсе, төлем қабілеті тексеріледі. Осы комиссия талаптарын орындағандар бүгін қуанышқа кенелді.

«Мен ата-анаммен бірге тұрамын. Өзім Ақтөбе ферроқорытпа зауытында жұмыс істеп жүрмін. Банкке ақша жинап, ата-анамның қалауымен 10 сотық жері бар үй алдым. Алдағы 9 жылда үйдің ақшасын ай сайын төлеймін. Мен үшін тиімді әрі қолжетімді»,- коттедж иесі Мұқағали Мәмбетов. Құрылыс жұмыстары «Нұрлы жер» бағдарламасымен жүргізілген.

Жоспар бойынша жыл соңына дейін мемлекеттік бағдарлама аясында 20 көпқабатты үй мен 194 коттедж түгел пайдалануға беріледі. «Мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған үйдің әр шаршы метрі 120 мың теңге болады. Баспананы қарапайым адамдар, мұғалімдер, дәрігерлер, жұмысшы жастар алып жатыр»,- деді Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Жандос Байырханов. Қоныс тойын тойлап жатқан ақтөбеліктерді өңір басшысы Бердібек Сапарбаев құттықтап, жұмысты дер кезінде аяқтаған құрылысшыларға алғысын жеткізді.

«Құрылысшыларға рахмет айтамын. Олар аязға қарамастан жұмысты тоқтатқан жоқ. Алғашқы айларда қаржы бөлінген жоқ. Сонда да істі бастап кетіп, сәтті аяқтады. Құрылыс жұмыстары үнемі бақылауда болды. Біздің оймызша, пәтерлердің сапасы жақсы, талапқа сай келеді»,- деді Б.Сапарбаев. Айта кетейік, 80 мыңға жуық ақтөбелік Тұрғын үй құрылыс банкінен есепшот ашып қойған. Ал 140 мың адам жер кезегінде тұр. Ақтөбе қаласы бойынша пәтер кезегінде тұрғандар саны - 23 мың.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір