• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 02:57:22
Алматы
+35°

05 Шілде, 2018 Әлеумет

Ақтөбе тұрғыны әйелін подъезде босандырып алды (видео)

Сұлуымды көрпеге жатқыздым, ол қатты сасқалақтады. Сабыр сақтауын өтініп, «Демал! Күшен!» деп қайталай бердім.

Ақтөбе қаласының тұрғыны перзентханаға асыққан әйелін үйінің кіре берісіндегі баспалдақта босандырып алған. Кіндік сәбидің мойнына оралып қалған екен, алайда күйеуі еш саспастан баланың өмірін аман алып қалған. Бұл туралы «Диапазон» жазды.

Аян Ұланның айтуынша, әйелінің толғағы түнде қысқан. Такси шақыртып, керек заттардың бәрін алып перзентханаға бармақ болады, алайда сәбиі күткісі келмеген секілді. Әйел үйден шығып бара жатқан кезде босанды.

«Бәрі баспалдақтан түсіп келе жатқан кезде басталды. Сұлуымды көрпеге жатқыздым, ол қатты сасқалақтады. Сабыр сақтауын өтініп, «Демал! Күшен!» деп қайталай бердім. Үшінші рет күшенгенінде босанды. Бірақ бала жыламады. Сөйтсем, кіндік сәбиімнің мойнына оратылып қалған екен. Оны шешіп едім, бірден жылады. Сасқанымнан 101-ге, өрт сөндіру қызметіне хабарласып жіберіппін. Кейін жедел-жәрдемге хабарластым. Олар екі минуттан кейін-ақ келді. Шыны керек, өте қорқынышты болды, бірақ сыр бермеуге тырыстым», - дейді Аян Ұлан.

Жедел-жәрдем келіп, ана мен баланы ауруханаға алып кетеді. Ал қазір екеуі де үйінде. Қырқынан шығармағандықтан, сәбидің есімін ата-анасы жасырын ұстады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір