• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:38:58
Алматы
+35°

10 Сәуір, 2018 NEWS

Ақтөбе тұрғындары: Лифтіде қамалып қалуға етіміз үйренген (фото)

Ақтөбе қаласының тұрғындары тұрғын үйлердегі лифттердің жағдайы мүшкіл екенін жеткізді.

Ақтөбе қаласының тұрғындары тұрғын үйлердегі лифттердің жағдайы мүшкіл екенін жеткізді. 12 ықшам ауданының тұрғыны 1993 жылы салынған үйдің лифтіне бір де бір рет жөндеу жұмыстары жүргізілмегенін айтты.

«Ынтымақ» пәтер иелерінің кооперативі «лифтке жауап бермейміз» деп тонын ала қашады, нәтижесінде зардап шегетін – тұрғындар: бесік арба ұстаған аналар, қарт кісілер т.б.», - деп ашынды тұрғындардың бірі.

Лифт

Олар лифтке жауап беретін бір адамның болғанын талап етіп отыр. Себебі лифттің ең болмағанда екі ай істеп тұруы үшін тұрғындар өз қалталарынан ақша шығарып, жөндеу жұмыстарына кірісіп кетеді. Алайда олардың қауіпсіздігіне жауап беретін ешкім жоқ. Тележүргізуші қыздың жағдайы біздің де басымыздан қайталана ма деп әр күні үрейленіп отырады.

Лифт

«Лифтте қамалып қалған кездеріміз көп болған. Балалар қатты қорқады, көбіне баспалдақпен шығады. Бірақ мектептен қайтқанда ауыр сөмкелерімен лифтке мінуге тура келеді», - дейді тұрғындар.

Айта кетейік, сәуірдің басында тележүргізуші Айзат Әбдісамат лифтке кіріп бара жатқанда, лифттің есігі жабылып, жүріп кеткен. Нәтижесінде журналист есікке қыстырылып, оқиға орнында мерт болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір