• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 02:55:33
Алматы
+35°

10 Қаңтар, 2018 NEWS

Мұғалжар ауданының Бұлақты ауылында ауылында бұзау қырылып жатыр. Әлеуметтік желідегі ақпараттан соң мал дәрігерлері тексеруді бастады, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Әлеуметтік желіде «Өткен жылдың аяғына таман Мұғалжар ауданының Бұлақты (Родник) ауылында белгісіз себептермен ірі қара мал, оның ішінде баспақтардан ауру шықты. Бас-аяғы бір күн ауырады да өледі. Бұл күні індет əлі жалғасуда» деген ақпарат тарап кетті. Ауыл тұрғындары қырылған малдың суретін қосымша салған.

«Бұлақты ауылының тұрғындары мал қырылып жатқанын хабарлап, шағым түсірген жоқ. Біз де әлеуметтік желі арқылы біліп, ауылға дәрігерлер жіберілді. Алдағы уақытта тексеру жүргізіліп, себебі белгілі болады», — деді Мұғалжар аудандық ветеринария бөлімі бастығының орынбасары Бауыржан Тілеулин.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір