• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:44:09
Алматы
+35°

05 Шілде, 2018 Аймақтар

Ақтөбе облысында жаңа пәтерлер мен автокөліктердің кілті табыс етілді

Хромтау қаласының мыңдаған тұрғындары Дөң тау-кен байыту комбинатының 80 жылдығын атап өтті

Хромтау қаласының мыңдаған тұрғындары Дөң тау-кен байыту комбинатының 80 жылдығын атап өтті. Қала құраушы кәсіпорынның мерейтойына орай «Кенші» стадионында интерактивті бұқаралық қойылымды орасан зор шоу өтті. Кәсіпорынның үздік қызметкерлерін құттықтап, Қазақстан мен Ресейдің танымал орындаушылары өнер көрсетті.

Мерейтойды мерекелеу аясында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен ERG менеджерлер кеңесінің төрағасы Хромтау қаласында Дөң тау-кен байыту комбинатының қызметкерлері үшін салынған 120 пәтерлі жаңа үйге барды.

- Әрбір адам үшін өз баспанасы болғаны маңызды. Сондықтан, Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев басқарған еліміз әрбір қазақстандықты баспанамен қамтамасыз етудің көптеген бағдарламасын жүзеге асыруда. Соның ішінде, мемлекеттік бағдарламалардың арқасында «Қазхром» сынды компаниялар өз қызметкерлеріне тұрғын үйлер салып жатыр. Елордамыздың 20 жылдығымен және Дөң тау-кен байыту комбинатының80 жылдығымен тұспа-тұс келген қоныстой екі есе қуаныш әкелеріне сенімдімін. Әр үйге жылулық, жайлылық пен амандық тілеймін, - деді құттықтау сөзінде облыс әкімі.

Бес қабатты үй Хромтаудың тіршілік қайнаған ауданында тұрғызылған. Оған жақын аумақтар абаттандырылған, аулада балалар алаңы бар. Пәтерлер таза әрлеуде беріліп жатыр, ас үй пештері мен сантехникасы орнатылған.Дөң тау-кен байыту комбинаты қызметкерлері үшін жаңадан салынған үйдің бір шаршы метрі 118 мың теңгеге жуық. Еуразиялық топтың тұрғын үй бағдарламасымен пәтерлерді 20 жылға дейін төмен пайыздық мөлшерлемемен сатып алу құқығымен жалға беру қарастырылған. Бұл Елбасының «Нұрлы жер» бағдарламасы мен Қазақстандық ипотекалық компаниямен келісімге қол қоюдың арқасында мүмкін болды.

ERG менеджерлер кеңесінің төрағасы комбинаттың бес жас маманына пәтер алуға сертификаттар табыс етті.

- Мен Хромтауға алғаш рет 24 жыл бұрын келген едім. Содан бері қала Президентіміздің арқасында өзгеріп кеткен. 24 жыл емес, 100 жыл өткендей. Бүгін мен жаңа үйдің ашылуына қатысқанымыз үшін шексіз қуаныштымын. Біз бұл істі жалғастырамыз, өйткені әлеуметтік ахуал, көңіл-күй, қызметкерлерді баспанамен қамтамасыз ету өте маңызды болып табылады, - деді Александр Машкевич.

ERG-нің тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру кезеңі ішінде Хромтауда ДТКБК-ның 500-ге жуық қызметкері баспаналы болды.

Негізгі салтанатты шара «Кенші» стадионында өтті. ШараДТКБК-ның 80 жыл ішіндегі жетістіктері туралы баяндаған әдемі интерактивті шоудан басталды. Сахна төрінде үздік жұмысшылар марапатталып, облыс әкімінің мақтау қағаздарын, корпоративтік марапаттарды иеленді.

 Он қызметкерге автоөліктің кілттерін табыс етті.

Қазақстандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың Дөң тау-кен байыту комбинаты қызметкерлерінің балаларымен бірге өнер көрсетуі тосынсый болды. Кеш ресейлік «Серебро» тобының өнерімен және мерекелік от-шашумен аяқталды.

Айта кетейік, Дөң тау-кен байыту комбинатының 80 жылдық жұмысында 208 000 000 тоннадан астам хром рудасы өндірілген. Бұл ұзындығы 41 600 шақырымдық теміржол құрамына тең, яғни жер экваторының ұзындығынан көп.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір