• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:11:19
Алматы
+35°

20 Қаңтар, 2018 NEWS

Ақтөбе облысында 52 адамның қазасымен аяқталған автобус өртіне отты абайсыз пайдалану себеп болған. Бұл туралы ІІМ министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді деп жазады 24.kz. Оның айтуынша, автокөліктің қозғалтқышы өшіп қалып, көліктің іші салқын болған, сол кезде дәнекерлейтін шам жылытқыш ретінде қолданылған. Ол екі сағаттан астам уақыт жұмыс жасайды. Сол кезде көлік салонындағы 5 литрлік ыдыстағы бензин төгіліп, от лап етеді. Сөйтіп, аз уақытта автобус ішіндегі азаматтардың барлығының өмірін жалмаған. Зардап шеккен азаматтар да бұл сөздерді растап отыр. Төтенше жағдайға байланысты қозғалған қылмыстық іс одан әрі жалғасып, тергеу амалдары жүргізілуде. Ал марқұмдардың мәйіттері Өзбекстан төтенше жағдайлар министрлігінің бортымен еліне жіберілді. Рустам Джураев, Өзбекстан

Республикасының төтенше жағдайлар министрі: - Қаза болған азаматтардың мәйіттерін Өзбекстанға жеткіземіз. Қажет болған жағдайда қосымша сараптамалар жүргізілетін болады. Содан кейін туған-туыстарына табыстаймыз.

 ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев: - Автобустың іші салқын болғанына байланысты бензинді дәнекерлеушіні пайдаланған. Жолаушылар осылай 2 сағаттан артық жылынып отырған. Бензин мен газ қосындысы автобус салонына толған. Жанармай құтысы төгілген сәтте өрт басталып, санаулы минуттар ішінде салон жалынға оранып, жолаушылар қаза болды,-деді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір