• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 20:15:08
Алматы
+35°

10 Сәуір, 2018 NEWS

Ақтөбе әкімдігі аудандардың «Астана», «Алматы» аталуының себебін түсіндірді

«Алматы» мен «Астана» атауларын қолдайтын Ақтөбе тұрғындарының жазбаша түрдегі хаттары келді.

Ақтөбе әкімдігі Ақтөбе жаңа екі ауданның «Алматы» және «Астана» деп атаудың себебін түсіндірді. Қала әкімінің орынбасары Гүлбаршын Айдарханованың айтуынша, осы күндері жаңа аудандарды атау жөнінде Ақтөбеде қоғамдық тыңдау өткен.

«Ономастикалық жұмыс орталығынан бірнеше ұсыныс келіп түсті. Ұсыныстардың ішінде Елек, Бөгенбай батыр, Абай, Есет батыр және басқа да атаулар болды. Сондай-ақ «Алматы» мен «Астана» атауларын қолдайтын Ақтөбе тұрғындарының жазбаша түрдегі хаттары келді. Кейін қоғамдық талқылау өтті, онда да осы атауларды қолдағандардың қарасы көп болды. Мәслихат сессиясында депутаттар «Астана» және «Алматы» атауларын бірауыздан қолдады. Ендігі нақты шешімді республикалық ономастикалық комиссия қабылдайды. Нақты уақытын айта алмаймын», - деп түсіндірді Айдарханова.

Айта кетейік, 6 сәуірде мәслихат сессиясында депутаттар бірауыздан Ақтөбедегі екі ауданды «Алматы», «Астана» деп атауды шешкен.

Ал әлеуметтік желі қолданушылары депутаттардың ұсынысына қарсы екендерін жарыса жазды, тіпті олардың көптігі сонша, кімнің қолдағанын түсінбей дал. Ең белсенділері аудандарға екі астананың емес, Ақтөбе тарихына қатысы бар атауларды беруді ұсынып, хат жазды. Хат жазғандардың қатарына тарихшылар, журналистер, мұғалімдер мен өзге де интеллигенция өкілдері қосылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір