• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:33:33
Алматы
+35°

02 Маусым, 2018 Аймақтар

Ақтауда автокөлік жарылып, әйел адам зардап шекті (видео)

Маңғыстау облыстық ауруханасының травматология және ортопедия бөлімінің меңгерушісі Есет Шахатбаев 1978 жылы туған әйелдің жағдайын "ауыр" деп бағалады.

Ақтауда автокөліктің газ баллоны жарылып, көлік тізгініндегі әйел адам зардап шекті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі жергілікті lada.kz cайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық ауруханасының травматология және ортопедия бөлімінің меңгерушісі Есет Шахатбаев 1978 жылы туған әйелдің жағдайын "ауыр" деп бағалады. Газ баллоны жарылған кезде әйел адам көлік тізгінінде болып, денесін күйік шалған. 

"Науқас есін біледі, бірақ жағдайы ауыр. Бетін, қолдарын, аяғын және кеудесін күйік шалған", - деді Есет Шахатбаев. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір