• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 20:03:33
Алматы
+35°

18 Қазан, 2017 NEWS

Ақтауда анасы мен қызы 3-қабаттан секіріп кетті

Жедел жәрдем зардап шегушілерді Маңғыстау облысының ауруханасына ауыр халде жеткізді.

Оқиға 17 қазан күні сағат 22:00-де 11-ықшамауданы 29-үйде орын алған. Бес қабатты үйдің маңында жатқан әйел мен баланы көрші үйдің тұрғыны байқап қалған. Қазіргі уақытта екеуі де ауруханада жатыр. Бұл туралы жергілікті Lada.kz порталы хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жедел жәрдем зардап шегушілерді Маңғыстау облысының ауруханасына ауыр халде жеткізді.

29-үй тұрғындарының айтуынша, 1977 жылғы әйел мен оның 2002 жылғы қызы пәтерді жалдап тұрған. Зардап шегуішлермен қатар жерде жастықтар да жатқан.

«Олар аяқ киімдерімен болды, тіпті әйел сөмкесін де өзімен алып алған. Жастықпен секіргендеріне қарағанда біреуден қашып бара жатқан секілді көрінді. Құдайға шүкір, екеуі де тірі екен», - деді тұрғындардың бірі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір