• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:01:33
Алматы
+35°

14 Қараша, 2017 Аймақтар

Ақтау жаңа жылдық безендіруге 13 млн. теңге жұмсамақ

Бюджеттен 13 миллион 901 мың 785 теңге қарастырылып отыр

Ақтауды Жаңа жылдық безендіруге 13 млн теңгеден астам қаржы бөлу жоспарлануда. Бұл туралы Lada.kz Ақтау тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Берік Ізғалиевке сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Мердігер компанияны анықтау үшін конкурс жарияланды.  Конкурсқа  2017 жылғы 19 қарашаға дейін өтініштер қабылданады. Берік Ізғалиевтің айтуынша, жаңа жылдық безендіруге ақтаулықтар Тәуелсіздік күнінен кейін кіріседі. Конкурс жеңімпазы желтоқсанның басында анықталады. Осы мақсатта бюджеттен 13 миллион 901 мың 785 теңге қарастырылып отыр. Техникалық сипаттамаға сәйкес, мердігер компания 20 желтоқсанда іске кірісіп, үш күн ішінде «Ынтымақ» және «Астана» алаңдарын, сондай-ақ облыстық әкімдік пен «Қазақтелеком» ғимаратының алдындағы алаңды безендіруі тиіс.

12 метрлік екі шырша «Ынтымақ» және «Астана» алаңдарына қойылады. «Ынтымақ» алаңындағы 714 метрге созылып жатқан бұталар, 100 боз арша және 326 түп ағаш  жарық диодты гирляндалармен көмкеріледі. Облыстық әкімдік пен «Қазақтелекомның» маңындағы және «Астана» алаңындағы бұталар мен ағаштар да гирляндалармен, кестелермен, жылтырауық шамдармен безендіріледі. «Астана» алаңындағы «Каравелла» монументі 738 жарық диодты гирляндамен әшекейленеді, сондай-ақ «Ақбота» паркін де жарық диодты шамдармен безендіру жоспарланып отыр.

Айта кетсек, 2016 жылы Ақтау Жаңа жылдағы безендіру жұмыстарына 19 миллион теңге жұмсаған болатын. Ал 2015 жылы 49 миллион теңге жұмсалған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір