• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:52:19
Алматы
+35°

15 Мамыр, 2018 NEWS

Ақша қайтарылады – министр Астананың мерейтойына бөлінбек ақша жайлы айтты

Министрдің сөзіне сенсек, бас қаланың туған күнінен соң мерекеге орай жұмсалған ақшаны тұрғындар ұмытады, есесіне пайдасын көреді.

ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Астананың туған күніне орай жұмсалмақ қаражат пен өңірлердің бас қалаға жасаған сыйлары туралы пікір білдірді.

«Өңірлердің Астанаға тартулары жайлы сұрақты басқаша қойып көрсек?! Самал ықшам ауданы мен саябақ аралығында салынып жатқан веложүргіншілерге арналған көпір қала әкімдігі үшін салынып жатқан жоқ! Оның бәрі тұрғындар мен қала қонақтары үшін, балалар үшін», - деді Абаев.

Министрдің сөзіне сенсек, бас қаланың туған күнінен соң мерекеге орай жұмсалған ақшаны тұрғындар ұмытады, есесіне сол ақшаға салынған құрылыстың пайдасына кенеледі.

«Біз басты назарды тек ақшаға аударып үйренгенбіз. Сол ақшаға салынған құрылыстың нәтижесін ешкім айтпайды. Инфрақұрылым қалады, қала дамиды. Мұның бәрі тұрғындар мен қала қонақтары үшін. Ақшаның бәрі салық түрінде әлде басқа жолмен мемлекет қазынасына қайтарылады», - деді министр.

Бұған қоса мерейтойға бөлінген қаражат та сөз болды. Абаевтың айтуынша, қаражаттың қайда, қалай кетіп жатқаны арнайы тексеру органдарының бақылауында.

Айта кетейік, Қазақстан билігі Астана қаласының 20 жылдығына орай жүз түрлі шара ұйымдастырылады деп жоспарланды. Соған орай мемлекет қазынасынан 19 млрд теңге бөлінбек.

Астананың 20 жылдық мерейтойын тойлау үшін республикалық бюджеттен 18,8 миллиард теңге бөлу көзделген. Бұл туралы мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков мәлімдеген.

«20 жылдықты тойлау аясында өткізілетін 85 шараға барлығы 18 миллиард 800 миллион теңге қарастырылған. Бізді қаржы министрлігі қолдап отыр және бұл қаражат бюджетте жоспарланған. Бұл шараларды жоғары деңгейде өткіземіз деп сенемін», –деді Сәкен Мұсайбеков сәрсенбі күні 2018-2020 жылдарға арналған бюджеттің таныстырылымы кезінде.

Бұған қоса қаржы министрі Бақыт Сұлтанов бұл шаралар бір жыл бойы өткізілетінін атап өтті.

«Шараларды жыл бойы өткізу туралы тапсырма бар. Оған елдің барлық аймақтары қатысады», – деді ол.

Айта кетейік, Қазақстанда Астана күні 6 шілдеде аталып өтеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір