• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:33:05
Алматы
+35°

13 Қазан, 2017 NEWS

АҚШ ЮНЕСКО ұйымынан шығады

АҚШ-тың мұндай қадамына халықаралық ұйым қарызының ұлғаюы, реформаның жүргізілмеуі және Израильге қарсы позициясы алаңдаушылық туғызып, түрткі болған.

АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті БҰҰ-ның арнайы құрылымы ЮНЕСКО  ұйымнан шығатыны туралы ресми түрде мәлімдеді. Осы орайда ЮНЕСКО басшысы АҚШ-тың ұйымнан шығатынына  өзінің өкінішін білдірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі golos-ameriki.ru-ға сілтеме беріп.

2018 жылдың  31 желтоқсанында бұл заң өз күшіне енеді. АҚШ-тың мұндай қадамына халықаралық ұйым қарызының ұлғаюы, реформаның жүргізілмеуі және Израильге қарсы позициясы алаңдаушылық туғызып, түрткі болған.

Алайда америкалық тарап ұйым жұмысына бақылаушы ретінде қатысып, атсалысқысы келетінін атап өтті.

ЮНЕСКО – бұл БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет мәселесімен айналысатын арнайы құрылымы. 1945 жылы құрылған ұйымға бүгінде әлемнің 200-ге жуық елі мүше. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір